&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Осы Эдуард қауіпті балалық шақтан аман-есен өткен жалғыз ұл



Pdf көрінісі
бет281/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Осы Эдуард қауіпті балалық шақтан аман-есен өткен жалғыз ұл.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін II Эдуард деген атпен Англия тағына
отырды. Былайша айтқанда, тек он алтыншы талпыныста Элеонора
ағылшын королевасының басты міндетін орындады - жұбайына еркек
жынысты мұрагер сыйлады. II Эдуардтың анасы, сірә, сирек кездесетін
төзімділікпен және сабырлылықпен ерекшеленген болуы керек. Ал ко-
рольдіңжары француз қызы Изабеллаға мұндай қасиеттер дарымағаны
анық: ол жендет жалдап, 43 жасқа енді ғана толған Эдуардты өлтіртті11.
Қалай айтсақ та, I Эдуард пен Элеонора дені cay, бір-біріне үйле-
сімді жұп болды әрі балаларына тұқым қуалайтын ауыр кеселдер да-
рытқан емес. Сөйте тұра, он алты баланың оны (62%-ы) кішкентай кез-
дерінде шетінеді, үшеуі ғана (18%-ы) 40 жасқа дейін және одан да көп
өмір сүрді. Элеонора түсік тастауы да мүмкін ғой. Орташа шамамен
корольдік жұп әр үш жыл сайын перзенттерін, ұзын саны - он баланы,
жер қойнына тапсырып отырған. Қазіргі заманның отбасында мүндай
шығынға ұшырап, шыдас берудің өзін көзге елестету қиын-ақ.
«Гильгамеш» жобасын жүзеге асы р уға- мәңгі өмірді іздестіру-
ге қанша уақыт қажет болады? 100 жыл? 500 жыл? 1000 жыл? 1900
жылы адам организмі жайында бізге көп нәрсе беймәлім болғанын
жене де бар болғаны бір ғасырдың ішінде қаншама білім жиғанымыз-
ды еске алсақ, үмітіміз ұлғая түседі. Генетиктер жуырда Caenorhabitis
еіедапс құртының өмір сүру мерзімін алты есе ұлғайта білді12. Homo
sapiens үшін осылай жасай алар ма еді? Нанотехнология мамандары
миллиондаған нанороботтардан туратын бионикалық иммундық жүйе
жасап жүр. Олар біздің тәнімізге еніп, бітеліп қалған қантамырларды
ашып, вирустармен, бактериялармен күресіп, обыр жасушаларын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет