шамен қайтарып бере алады. Сонымен, істің бәрі қиялдағы болашаққа,
кәсіпкер мен банкирдің - наубайханаға, мердігер - болашақта ақысын
қайтарып беретін банкке сенім артуына сүйеніп тұр.
2 6 6
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
Ақшаның қандай ғажайып екенін көріп үлгердік: ол өзін мың сан
түрлі заттарға ауыстырып, кез келген дүниені кез келген нәрсеге ай-
налдыра алады. Жаңа заманға дейін ақшаның осы қабілеті шектеулі
болды. Көбінесе ақша дәл бір затты ғана көрсетіп, айырбастай алды.
Бұл өсімді елеулі түрде тежеді, өйткені жаңа кәсіпорындарды қаржы-
ландыру ісінде мәселелер пайда болды.
Наубайханамызға қайтып оралайық. Ақша тек материалдық нәрсе-
лердің ғана көрінісі болса, Макдаун наубайхана сала алар ма еді? Еш-
қашан! Қазіргі шақта оның тек қиялы ғана бар, материалдық нәрседен
түгі жоқ. Наубайхана салудың жалғыз амалы - тегін жұмыс істейтін, ал
ақшаны бірнеше жылдан соң, наубайхана пайда түсе бастаған кезде
алуға келісетін мердігер табу керек. Ондай ақжүрек, кеңқолтық мер-
дігер қайдан табылсын! Сонымен, әлі болып-толмаған кәсіпкер әйел
тығырыққа тіреліп, түйыққа қамалады. Наубайхана болмаса - бәліш те
жоқ. Бәліш болмаса - ақша жоқ. Ақша жоқ болса - мердігерді немен
жалдайсың? Ал құрылысшылар жоқ болса, наубайхана да жоқ.
Мыңдаған жылдар бойы адамзат осы тұйыққа қамалды. Экономика
дамымады. Одан шығатын жол болашаққа сенім артуға негізделген жаңа
жүйе қалыптасқан кезде табылды. Адамдар нақты осы сәтте әлі қолда жоқ
алдамшы нәрселерді, ақшаның айрықша түрі - «несиені» көруге келісті.
Несие бізге осы шақтан гөрі болашақта ресурстарымыз көбейе түседі де
ген үмітке иек арта отырып, келешектің есебінен бүгіннің қамын жасауға
Достарыңызбен бөлісу: |