&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


жатқан триллиондаған «ауа» ақшалардың қолтығынан демеп, қолдап



Pdf көрінісі
бет334/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

жатқан триллиондаған «ауа» ақшалардың қолтығынан демеп, қолдап
келеді. Зертханалар өздеріне артылған үмітті ақтамаса, бізді алда
қиын-қыстау күндер күтіп түр.
Колумб инвестор іздеп жүр
Капитализм қазіргі заман ғылымының ғана емес, қазіргі империа-
лизмнің де қалыптасуында шешуші рөл ойнады. Еуропалық империа­
лизм к а п и та л и с т несие жүйесін туындатты. Әрине, несиені жаңа
замандағы Еуропа да ойлап тапқан жоқ. Қандай да бір несиенің түрі
іс жүзінде барлық аграрлық қоғамда болған еді, ал қазіргі заманның
басындағы еуропалық капитализмнің қалыптасуы Азияның экономи-
калық дамуымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың соңына
дейін Азия әлемнің экономикалық орталығы болғанын ұмытқан жоқ-
пыз, қытайларға, мұсылман елдердің тұрғындарына немесе үнділерге
қарағанда, еуропалықтардың қолындағы капиталы тым аз еді.
Сөйте тұра, Қытайдың, Үндістан мен мұсылман әлемініңәлеуметтік-
саяси жүйесінде несие мен капитализм екінші орында түрды. Стамбул,
Исфахан, Дели мен Бейжің базарларындағы саудагерлер мен банкир-
лер кап и тал и ст тұрғыдан ой өрбіткен шығар. Бірақ тас қамалдардағы
ел билеушілер мен генералдар оларды пайдакүнемдік пиғылына бола
жек көрді. Қазіргі заманның басындағы еуропалықемес империялардың
көбін Нұрқази және Нәдір шах сынды үлы жаулаушылар немесе Цинь
әулеті, Осман империялары сияқты бюрократиялық элита қүрды. Олар
жаңа соғыстарды қаржыландыру үшін әскери олжалар мен алым-са-
лықтарды (олардың аражігін айырып жатпастан) пайдаланды.
Еуропадағы корольдер мен генералдар меркантилді ойлау жүйе-
сіне ептеп бастыға бастады да, банкирлер мен саудагерлер біртіндеп
билеуші элитаға өте берді. Әлемді жаулау әрекеті салықтың емес,
несиенің есебінен қаржыланды. Мұны өз инвестициясынан мейлінше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет