&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


басарларына сураған несиесін қуана-қуана берді. Америкада өндірген



Pdf көрінісі
бет336/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

басарларына сураған несиесін қуана-қуана берді. Америкада өндірген
қазынаның арқасында олар енді қыруар капиталға ие болды. Одан да
маңыздысы, енді олар экспедициялар мен жаңа білім арналарының
пайдасы молдығына шүбәсіз сеніп, өз ақшаларын уыстап бере сала-
тын халге жетті. Империялық капитализмнің сиқырлы тізбегі түзілді:
несие географиялык жаңалык ашу ісін қаржыландырады, ол жерлерде
колониялар пайда болып, табыс алып келеді, табыс сенімді нығайта-
ды, ал сенім дегеніміз - несие. Нурқази мен Нәдір шах секілді еуропа-
лық емес жаулап алушылар бірнеше мың шақырымды еңсерген соң
ентікті де қалды - олардың ресурстары біткен еді. Ал капиталистік
кәсіпкерлердің қаржы-қаражаты елден-елге жорыққа шығып, жаулап
алған сайын еселене түсті.
Бірақ бул экспедициялар тәуекелдің ісі болып қала берді, сондық-
тан несие нарығы оған сақ қарады. Талай экспедиция ештеңе таба
алмай, елге құр қол қайтты. Мәселен, ағылшындар Арктика арқылы
Азияға өтетін солтүстік-батыс жолды текке іздеп, қыруар қаржы шы-
ғындады. Кейбір экспедициялар мүлде оралмады. Кемелер музтау-
ларға соғылып, тропиктік дауылдарда экипаж түгелдей қырылды, не
теңіз қаракшылары тұтқындады. Ықтимал инвесторлардың санын
көбейтіп, оларға төнетін шығын мөлшерін кеміту үшін еуропалықтар
жауапкершілігі шектеулі акционерлік компанияны ойлап тапты. Бір ин­
вестор қалтылдаған қайықтай шынжау кемеге бүкіл ақшасын тіккеннен
гөрі акционерлік компания бірнеше кәсіпкерден ақша жинаса, әркай-
сысы өз капиталының аз ғана бөлігін бәске тігеді. Осылайша шығында-
ну қаупі азайып, есесіне, көбірек табысқа кенелу мүмкіндігі арта түсті.
Тіпті аз ғана ақша салғанның өзінде, кеменің сапары сәтті болса, мил-
лиондаған табыс алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет