сатты. 30 тамызға таман - 4100 ливр, 4 қыркүйекте 5000 ливрге жетті. 2 желтоқсанда Миссисипи компаниясыныңакциялары 10 мыңливрден асып кетті. Париж көшелерін желікпе көңіл күй кернеді. Адамдар акция сатып алу үшін бүкіл дүние-мүлкін сатып, қарыз ала бастады. Жұрттың бәріне баюдың оңай жолы табылғандай көрінді. 39. Жаңа Амстердам, 1660 жыл. Манхеттен аралының ең шеті. Қорғаныс қабырғасының
жұртында қазір Уолл-стрит орналасқан.
Бірнеше күн өткеннен кейін айғай-сүрең басталды. Алыпсатар- лардың бірі бағаның тым қампиып кеткенін, бұл деңгейді ұстап тұру мүмкін емесін уақытылы сезінді. Баға шарықтап тұрған кезде акция- ларын сатып жіберуді үйғарды. Қолда бар акциялар саны өскен сайын баға төмендей берді. Баға тағы да төмен құлдилап, опырыла құла- ды. Акция бәсін тұрақтандыруға тырысып, Францияның орталық бан- кі (оны кім басқаратыны естеріңізде шығар) Миссисипи акцияларын жаппай сатып ала бастады. Бірақ банктің олардың бәрін сатып алуға 280
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ шамасы жетпеді. Көп үзамай оның ақшасы бітіп қалды. Сонда қаржы ісінің бас инспекторы (оның да кім екені белгілі ғой) акция сатып алу- ды жалғастыра берді. Соның салдарынан әлгі күмпиген көбік Фран- цияның бүкіл қаржы жүйесін жүтып қойды, оны құтқарардай еш ай- ла-тәсіл қалмады. Бір акцияның бағасы 10 мыңнан 1000 ливрге түсіп кетті. Орталық банк пен король қазынасы өзі басып шығарған көкқағаз құрлы құны жоқ акциялар топанының астында қалды. Ірі делдалдар- дың көбі аман-саү шықты, тіпті кейбіреуі акцияларын үақытылы сатып үлгеріп, ұтып кетті. ¥сақ инвесторлар бәрінен айырылып, біразы асы- лып өлді. «Миссисипи көбігі» - тарихтағы ең әйгілі қаржы топалаңының бірі.