Корольдік қаржы жүйесі бұл күйреу ахуалынан толық айыға алмастан өтті. Миссисипи компаниясының акция бағаларын айла-шарғымен қолдан құбылту үшін саяси байланыстарын пайдалана отырып, қалай сұраныс тудырғанын көргеннен кейін халық француз банктеріне де, ко- рольдің қаржы ісі данышпанына да сенімін жоғалтты. XV Людовикке несие табу қиын болды. Осы себептің салдарынан Францияның шет елдердегі иеліктері ағылшындарға бұйырды: Англия несиені оп-оңай әрі төмен пайызбен алды, ал Франция несиегерлері әзер көндіріп, жо- ғары үстеме ақы пайызын төлеуге мәжбүр болды. Өсіп бара жатқан қарызын өтеу үшін француз королі бұрынғыдан да жоғары пайызбен қарыз ала берді. 1780 жылдары жеңілтек, желікпе атасынан тақты ми- рас еткен XVI Людовик бюджет жартысы қарыз үстемесін төлеуге кете- тінін, банкрот бұлтының төбесіне төніп тұрғанын аңғарды. 1789 жылы оның Бас штаттарды - парламенті (бұл міне, 150 жыл бойы әлі жинал- ған жоқ) шақырып, ақыл-кеңес пен көмек сұрауына тура келді. Содан Француз революциясы басталды. Француздардың шеттегі, теңіздің арғы жағындағы империясы күй- реп тынды да, Британияның иелігі кеңейіп, өркендей берді. Бұрынғы голландтар сияқты, ағылшындар да Лондон биржасында беделі жоға- ры бағаланған жеке акционерлік компанияларға арқа сүйеді. Солтүс- тік Америкаға алғашқы қоныстанушылар XVII ғасыр басында Лондон, Плимут, Дорчестер, Массачусетс акционерлік компанияларын құрды. Үнді субконтинентін де ағылшын мемлекеті емес, «Британ Ост- Инд» компаниясының жалдамалы армиясы бағындырды. Бул компа ния БОК-тан асып түсті. Лондондағы Лиденхолл-стритте отырып, ол 100 жылға жуық қуатты үнді империясы мен 350 мың солдаттан құрал- ған алып армияны (мұншалықты әскер Британ монархында да болған