емес) басқарды. Тек 1858 жылы ғана Британ билігі осы армиясымен
бірге Үндістанға ұлттық еркіндік берді. Наполеон ағылшындарды келе-
ке қылып, «дүкеншілер» деп атады. Бірақ сол дүкеншілер Наполеон-
ның өзін жеңіп, бүкіл тарихтың ұзын-ырғасындағы ең ірі империяны
қүра білді.
281
¥
ТӨРТІНШ І БӨЛІМ
қолтырауындардан басқа түк жоқ еді, бірақ компания көл-көсір бай-
лык пен компанияның шексіз мүмкіндіктері туралы дақпырт таратты.
Француз ақсүйектері, бизнесмендері, қалалық буржуазияның көрнек-
ті өкілдері бұл ертегіге сеніп қалды, компания акцияларының бағасы
аспанға шарықтап шыға келді. Олардың бастапқы бағасы бір акцияға
500 ливрді қүрады. 1719жылғы 1 тамызда әр акцияны 2750 ливрден
сатты. 30 тамызға таман - 4100 ливр, 4 қыркүйекте 5000 ливрге жетті.
2 желтоқсанда Миссисипи компаниясының акциялары 10 мыңливрден
асып кетті. Париж көшелерін желікпе көңіл күй кернеді. Адамдар акция
сатып алу үшін бүкіл дүние-мүлкін сатып, қарыз ала бастады. Жүрттың
бәріне баюдың оңай жолы табылғандай көрінді.
J
>
39. Жаңа Амстердам, 1660 жыл. Манхеттен аралының ең шеті. Қорғаныс қабырғасының
жұртында қазір Уолл-стрит орналасқан.
Бірнеше күн өткеннен кейін айғай-сүрең басталды. Алыпсатар-
лардың бірі бағаның тым қампиып кеткенін, бұл деңгейді үстап тұру
мүмкін емесін уақытылы сезінді. Баға шарықтап түрған кезде акция-
ларын сатып жіберуді үйғарды. Қолда бар акциялар саны өскен сайын
баға төмендей берді. Баға тағы да төмен құлдилап, опырыла құла-
ды. Акция бәсін тұрақтандыруға тырысып, Францияның орталық бан-
кі (оны кім басқаратыны естеріңізде шығар) Миссисипи акцияларын
жаппай сатып ала бастады. Бірақ банктің олардың бәрін сатып алуға
280
|