болып шығып, «адам» деген ұғымның өзін қайта қарауымызға тура ке- луі мүмкін. Біздің қанша уақытымыз қалды? Оны ешкім дәл білмейді. Кейбіреулер 2050 жылға таман алғашқы ажалсыз адамдар пайда бо- лады деп есептейді. Келесі ғасыр немесе арғы мыңжылдықтар тура- лы қорқынышты жорамалдар да жетерлік. Бірақ адамзат тарихының 70 мың жылымен салыстырғанда 1 мыңжылдық деген не, тәйірі? Sapiens-тер тарихының шымылдығы көп үзамай шынында да жабылса, мына бізге, соңғы ұрпақтар буынының өнімдеріне, «біз кім (әлде не) болғымыз келеді?» деген мәселемен айналысқан жөн еді. Бұл - жетілдіре түсу мәселесі - саясаткерлердің, философтардың, ға- лымдар мен қатардағы адамдардың арасындағы дау-дамай атаулыны ығыстырып шығарып, күресінге ысырып тастауға тиіс сияқты көрінеді. Түптеп келгенде, діндердің, идеологиялардың, ұлттар мен таптардың арасындағы қарама-қайшылықтар Homo Sapiens- пен бірге жоғалып кетеді ғой. Ізбасарларымыз сананың басқа деңгейінде қызмет істей- тін немесе сана-сезімге қоса, өңіміз тұрмақ түсімізге енбеген тағы бір қасиеттерді иеленетін болса, онда оларды христиандық, әлде мұсыл- мандық ойлар қызықтыра қояр ма екен? Әлеуметтік жүйе - капита л и с т , әлде ко м м у н и с т бола ма, ал гендер саясаты еркектің, элде әйелдің мүддесін қаузай ма, оларға бәрібір болатын шығар. Әйтсе де, ұлағатты тарихи пікірталастар мән-маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені, қалай болғанда да, жаңа құдайлардың алғашқы буыны өз жаратушыларының - адамдардың мәдени тұжырымдамаларына сәй- кес жасалады. Нақты қандай тұжырымдамаларға? Капитализма ме, исламға ма, феминизмге ме? Жауабына орай дамудың осы бағыттары мүлдем әртүрлі болып кетуі мүмкін.