&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет458/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Адамдардың көпшілігі бұл туралы ойланғылары келмейді. Тіпті
биоэтиканың өзі көбінесе басқа мәселені - не нәрсеге рұқсат беру, не
нәрсеге тыйым салу жайын шешеді. Тірі адамдарға генетикал ық экспе­
римент жасауға бола ма? Түсік қып тастаған шаранаға ше? Қойларды
клондау қиянат емес пе? Шимпанзені ше? Ал адамды? Бұл - көкейкесті
мәселелер. Алайда уақытылы тежегішті басып, Homo Sapiens-ті біртін-
деп басқа бір нәрсеге айналдырып жатқан ғылыми жобаларды тоқтата
тұруға болады деп ойлау нағыз алаңғасарлық болар еді. Аталмыш жо-
балардың барлығы қайткен күнде де ең басты мүрат - адамға мәңгілік
өмір сыйлағысы келетін «Гильгамеш» жобасымен байланысып жатыр.
Ғалымдардан не үшін геномды элементтерге таратып, миды компью-
термен байланыстыруға немесе компьютердің ішіне ақыл-ес орнатуға
тырысып жүргендерін сұрап көріңізші. Он жағдайдың тоғызында бір
ғана уәж: адамдарды емдеп, ажалдан құтқару үшін деген жауапты ес-
титіндеріңіз хақ. Ақыл-есті компьютерге орнату психикалық аурулар-
мен күресу мүмкіндігінен де қиындау зардаптар төндіре тұра, бүл -
қалыпты ақталу амалы ғана, өйткені олармен ешкім дауласып жатқан
жоқ қой. Сондықтан да «Гильгамеш» жобасы ғылымның жалаугеріне
айналды: оларды кез келген ғылыми ізденістері ақтап алады. Доктор
Франкенштейн Гильгамештің мойнына секіріп мініп алды. Гильгамешті
тоқтату мүмкін емес, демек, Франкенштейнді де тоқтата алмаймыз.
Тек бір ғана нәрсеге - олардың бағыт-бағдарын таңдауына эсер
етуге ғана шамамыз келеді. Адамзат үшін ең бастысы - «не нәрсеге
тыйым салу» емес, «кім (немесе не) болғымыз келеді» деген мәселе.
Көп үзамай өз тілек-қалауларымызды да өзгертетін болғандықтан,
«Біз нені қалағымыз келеді?» деп нақтылаған жөн шығар. Бүл мәселе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет