&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ған жауап күтті. Қарапайым адам бір айда шамамен алты хат жолдап



Pdf көрінісі
бет97/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ған жауап күтті. Қарапайым адам бір айда шамамен алты хат жолдап,
алып отырды, ешкім өзін табан астында жауап жазуға міндетті сезінген
емес. Қазір күн сайын алты емес, елудей хат аламыз, бәрі сол сәтте
үн қатуымызды күтеді. Уақытты үнемдегіміз келді, бірақ оның орнына
жылдамдығымыз артып, бурынғыдан он есе тез екпінмен зымырап ба-
рамыз. Күндеріміз бурынғыдан бетер қарбаласқа толып, көбірек күй-
гелектенетін, басымыздан өтіп жатқан жайттарды бақылай алмайтын
халге жеттік.
83


Е КІН Ш І БӨЛІМ
Анда-санда әлдебір тоңмойын-луддит электронды пошта жәшігін
ашудан бас тартып жатады. Осыдан мыңжыл бұрын адамдардың кей-
бір топтары жер жыртып, егін егуден бас тартқаны, молшылық азғыр-
масынан қаіщаны сияқты. Бірақ аграрлық революция салтанат құруы
үшін ол өңірді мекендеушілердің барлығы бірдей ол үдеріске қаты-
суы қажет болған жоқ, араларынан біреуі шықса, жетіп жатты. Бір топ
адам - Таяу Шығыста ма, әлде Орталық Америкада ма, бәрібір - оты-
рықшы тұрмыс салтына көшіп, алғашқы дәнді немесе көшетті егуі мүң
екен, егіншіліктің жарқын келешегі қолмен қойғандай айқындала түсті.
Сол бойда елеулі демографиялық үдерістер басталып, қоныс тұрғын-
дары өсті, егіншілер аңшы мен терімшілерден көп болып шықты - әл-
гілер аңшылық алқапты тастап қашуға, не болмаса, өздері де кетпен
шауып, мал бағуға мәжбүр болды. Қандай жағдайда да дәстүрлі тур-
мыс салты тоқырап, тозғындауға ұшырады.
Молшылықтың тұзағы туралы тарих маңызды сабақты мазмұндай-
ды. Мамыражай тіршілік, жеңіл тұрмысты іздеу барысында адамзат
жойқын өзгерткіш күшті уыстан шығарып алды. Ол әлемді күтпеген тіп-
ті адам баласының өзі қаламаған бағытқа бұрып әкетті. Ешкім аграр-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет