&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


өркендеу жолына алып шығарды деп бағалайды. Басқалары сол бір



Pdf көрінісі
бет105/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

өркендеу жолына алып шығарды деп бағалайды. Басқалары сол бір
жолайрықта адамзаттың түпсіз тұңғиыққа бастайтын соқпақты таң-
дап алғанын алға тартады. «Ол барсакелместің нүктөсі еді», - дейді
олар. Я отозар/ел атаб иғатпентуы сты қтанб астарты п, ашкөздікпен
жатбауырлыққа қарай ойысты. Бірақ қайда апарса да, бәрібір кері
қайтар жол жоқ еді. Қоныстардағы тұрғындар саны өскені сонша,
төрімшілік пен аңшылық тірлікке қайта орала қалса, дамыған аграр-
лық қоғамның өзі енді оларды асырай алмас еді. Б.з.д. 10 мың жыл
шамасында, sapiens-тер егін егуге кірісер қарсаңында, ғаламшарда
небәрі 5 - 8 миллионға дейін көшпенді аңшылар мен терімшілер өмір
сүрді. Б.з. I ғасырына таман сол көшпенділерден бар болғаны бір
немесе екі миллиондай (көпшілігі Австралияда, Америка мен Афри-
када) қалды: бұл - 250 миллион шаруамен салыстыруға тұрмайтын
көрсөткіш еді1.
Егіншілердің басым бөлігі отырықшы тұрмыс салтын кешті, тек
аз ғана бөлігі көшпенділер - малшылар болды. Отырықшы тұрмыс
әр адамның мекендеу ортасын епеулі түрде иіектеп тастады. Ежелгі
аңшы мен терімшілер әдетте сапарға шыққанда ондаған, тіпті жүзде-
ген шақырым жүріп тастайтын. Мынау байтақ аумақ - таулар, орман-
тоғайлар, өзен-көлдер мен ашық аспан асты да - олардың «үйі» еді.
Ал егінші болса егістікте немесе бақта күйбеңдеп күнін өткізді, ағаш-
тан, тастан немесе саз балшықтан салған, тар, әрі кеткенде бірнеше
ондаған метрден аспайтын үйі болды. Ол жан-тәнімен осы құжыраға
байланып қалды. Бұл архитектуралық та, психологиялық та салдары
бар революция болатын. «Өз үйіне» байлану мен көршілерінен бөлек-
тену - жаңа психологиялық құбылыс өді.
Отырықшы диқан ата-бабалары көшіп-қонып жүрген бос жердің
едәуір бөлігін ғана жоғалтқан жоқ, сонымен қатар жасанды әрі таби-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет