99
ЕКІНШІ БӨЛІМ
211. Ақсүйек қарапайым әйелді сабап, ол түсік тастаса, 5 шекел күміс-
ті өлшесін де төлесін.
212. Әйел өліп қалса, 30 шекел күмісті өлшесін де төлесін.
213. Ақсүйек басқа ақсүйектің күңін ұрып, күң түсік тастаса, 2 шекел
күміс өлшесін де төлесін.
214. Күң өліп қалса, 20 шекел күміс өлшесін де төлесін6.
Өзінің шешімдерін ұзақ тізбелеп шыққан соң Хаммурапи:
«Бұл құдіретті Хаммурапи патша шығарған әділетті шешімдер, сонысымен
елді ақиқат пен әділет жолына бастады... Мен - Хаммурапи, теңдесі жоқ патша-
мын. Энлиль құдай өзіме сеніп тапсырған халықтың қамын жеуден жалтарған
жоқпын, ұқыпты қарадым, Мардук қүдай бақташысы етіп қойған халықтуралы ой-
ладым»7, - деп жар салды.
«Хаммурапи кодексі» Бабылдың әлеуметтік құрылысы қүдайлар-
дың өздері белгілеп берген әділеттіліктің жалпыға ортақ және мәңгілік
ұстанымдарына негізделгенін айтады. Осынау ұстанымдардың бірін-
шісі - қоғамдық иерархия дел есептейді. Адамдар біржола екі жыныс-
қа жөне үш тапқа - ақсүйектерге, қарапайым халыққа және құлдарға
бөлінген. Әр жыныс пен тап өкілдері әртүрлі бағаланады. Қарапайым
адамды өлтіргені үшін - 30 шекел күміс, құл өлімі үшін - 20, ал енді,
қара халықтан шыққан ер адамның көзін ағызып жібергені үшін кінәлі
60 шекел күміс төлеуі керек.
Кодекс, сондай-ақ отбасы аясындағы иерархияны белгіледі:
балалар жеке-дара тұлға саналған жоқ, ата-аналардың жекеменшігі
болды. Міне, сондықтан ақсүйекәйелдіңөмірі үшін аристократ өзқызын
өлтіріп, құнын өтеді. Кісі өлтірушінің бостандықта сайран салып, ол
үшін ешқандай кінәсі жоқ қыздың жаза тартуы бізге жабайылыц сияқты
көрінер, бірақ Бабыл патшасы мен оның азаматтарына бұл ақылды
Достарыңызбен бөлісу: |