Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
18.
Гизадағы алып пирамида
Ежелгі Мысыр байлары пирамида турғызуга шығындалды.
Пирамида салумен Мысыр ақсүйектері ғана әуестенген ж о қ - бұ-
ған сол мәдени ортаның көпшілігі барша ғұмырын сарп етті. Тек оның
атауы, пішімі мен көлемі өзгеріп отырды. Мысалы, ол хауызы мен көга-
лы бар қала сыртындағы үй, бәлкім, көркі көз қарықтыратын пентхауз
болуы мүмкін. Әйтсе де бізді пирамида туралы армандауға жетелейтін
мифтің өзін ешкім жоққа шығара алмайды.
6 . Қиялдағы тәртіп интерсубъективті.
Тіпті бар күш-жігерімді
сарқа жұмсап, қиялдагы тәртіптің бұғауынан қүтыла алсам да, мен -
бар болтаны индивидууммын. Қиялдағы тәртіпті өзгерту үшін осы
жолда маған қолдау көрсетуге миллиондаған адамды сендіруіме тура
келер еді. Өйткені қиялдағы тәртіп тек менің ғана қиялымның жемісі
емес: ол интерсубъективті, яғни мыңдаған және миллиондаған адам-
дардың араласып-құраласқан қиялында өмір сүреді.
Мүны түсіну үшін объективті, субъективті және интерсубъективті
деген ұғымдар арасындағы айырмашылықты нақтылап алуымыз ка
жет.
Объективті
нәрсе адам санасы мен сенімінен тәуелсіз түрады.
Мысалы, радиоактивті сәуле өзін адамдар ашқанға дейін болтан әрі
өзіне сенбейтіндер үшін ол өте қауіпті. Радиоактивтікті алташ ашу-
шылардың бірі - Мария Кюри осындай заттектерді үзақ жылдар бойы
зерттеді, бірақ оның өз денсаулытына зиян келтіруі мүмкіндігін білме-
ді. Оның қауіпті екеніне сенбегенімен, радиоактивті заттектерге жақын
жүретін адамдар шалдығатын бейдауа дерт - апластикалық анемия-
дан қайтыс болды.
Субъективті
нәрсе жекелеген адамның санасы мен сенімінде жү-
реді. Сол бір нақты адамның наным-сенімі өзгеріске үшыраса, ол да
өзгереді немесе жоталып кетеді. Мысалы, балалардың көбі өзі көріп-
білмеген дос ойлап тауып, оның бар екеніне ұзақ сеніп жүреді. Ол дос
Достарыңызбен бөлісу: