&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ежелгі бай мысырлықтың дағдарысты жағдайда осындай тәсілмен



Pdf көрінісі
бет123/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, CMTOVCTTACQZ02032023214854, шоттар 2020, СМБӨЖ1, перевод
Ежелгі бай мысырлықтың дағдарысты жағдайда осындай тәсілмен,
айталық, әйелін Бабылға апарып келу туралы ой басына келмес еді.
Ол әйеліне арманындағы қабірхана салып берер еді.


Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
18. 
Гизадағы алып пирамида
Ежелгі Мысыр байлары пирамида турғызуга шығындалды.
Пирамида салумен Мысыр ақсүйектері ғана әуестенген ж о қ - бұ- 
ған сол мәдени ортаның көпшілігі барша ғұмырын сарп етті. Тек оның 
атауы, пішімі мен көлемі өзгеріп отырды. Мысалы, ол хауызы мен көга- 
лы бар қала сыртындағы үй, бәлкім, көркі көз қарықтыратын пентхауз 
болуы мүмкін. Әйтсе де бізді пирамида туралы армандауға жетелейтін 
мифтің өзін ешкім жоққа шығара алмайды.
6 . Қиялдағы тәртіп интерсубъективті. 
Тіпті бар күш-жігерімді 
сарқа жұмсап, қиялдагы тәртіптің бұғауынан қүтыла алсам да, мен -
бар болтаны индивидууммын. Қиялдағы тәртіпті өзгерту үшін осы 
жолда маған қолдау көрсетуге миллиондаған адамды сендіруіме тура 
келер еді. Өйткені қиялдағы тәртіп тек менің ғана қиялымның жемісі 
емес: ол интерсубъективті, яғни мыңдаған және миллиондаған адам- 
дардың араласып-құраласқан қиялында өмір сүреді.
Мүны түсіну үшін объективті, субъективті және интерсубъективті 
деген ұғымдар арасындағы айырмашылықты нақтылап алуымыз ка­
жет.
Объективті 
нәрсе адам санасы мен сенімінен тәуелсіз түрады. 
Мысалы, радиоактивті сәуле өзін адамдар ашқанға дейін болтан әрі 
өзіне сенбейтіндер үшін ол өте қауіпті. Радиоактивтікті алташ ашу- 
шылардың бірі - Мария Кюри осындай заттектерді үзақ жылдар бойы 
зерттеді, бірақ оның өз денсаулытына зиян келтіруі мүмкіндігін білме- 
ді. Оның қауіпті екеніне сенбегенімен, радиоактивті заттектерге жақын 
жүретін адамдар шалдығатын бейдауа дерт - апластикалық анемия- 
дан қайтыс болды.
Субъективті 
нәрсе жекелеген адамның санасы мен сенімінде жү- 
реді. Сол бір нақты адамның наным-сенімі өзгеріске үшыраса, ол да 
өзгереді немесе жоталып кетеді. Мысалы, балалардың көбі өзі көріп- 
білмеген дос ойлап тауып, оның бар екеніне ұзақ сеніп жүреді. Ол дос


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет