дай музыканы тыңдай беру керек. Мейлінше алуантүрлілікке жетудің
ең тәуір тәсілі, сірә, күнделікті күйбең шаруа, сұрқай тірліктен, үйрен-
шікті ортадан бой үзіп, алыс елдөрге аттану, сол жақта өзге адамдар-
дың мөдениетін, иісін, талғамы мен жосындарын «сезіну» шығар.
Ал тұтынушылық идеология бақытқа кенелу үшін азық-түлік пен
көрсетілетін қызмет түрлерін мүмкіндігінше мол тұтынуға үйретеді. Бір
нәрсе ұнамай қалса немесе әлдөне жетіспей тұрса, қандай да бір затты
(машинаны, киімді, экологиялық таза тағамды) тезірек сатып алуға
немесе көрсетілетін қызмөт түрлеріне ақы төлеуге (үй қызметшісін
жалдауға, отбасылық қарым-қатынастар жөніндегі маманға жолығуға,
йоганың курсына жазылуға) асығамыз. Естеріңізде болсын, кезекті
азық-түлік өнімі немесе көрсетілетін қызмет түрі сіздің өміріңізді
жақсартатыны туралы қазіргі кез келген жарнама шағын миф қана.
Алуантүрлілікке ындыны құрып түратын романтизм тутынушының
өктем ой-пікірлерімен тамаша үйлесім табады. Олардың одағы бүгінгі
туризм индустриясы арқа сүйеген «әсерлердің» сарқылмайтын нары-
ғын туындатты. Өйткені, туроператордың сататыны - үшаққа билет
емес жөне қонақүйдегі бел меде емес - «ұмытылмайтын әсерлер» ғой.
Париж - қала емес, ұмытылмайтын эсер, Үндістан - ел емес, эсер.
Альпідө шаңғымен сырғанау демалыс та, спорт та емес, көп әсерлер-
дің бір түрі ғана. Эсер атаулыны тұтына отырып, көңіл көкжиегімізді
кеңейтіп, өлеуетімізді арттырғандай әрі бақытты бола түскендей сезі-
неміз. Миллионер де әйелімен татуласқысы келген кезде, оны молшы-
лық мұхитына батыру үшін Парижге алып барады және де бул сапар
оның қандай да бір айрықша әрі аса кәделі жеке қалауын емес, тек
романтикалық тутынушылық мифіне қулай сенетінін ғана көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |