ретінін адамдардың байқай алмауының негізгі себебі осында.
А. Қиялдағы тәртіп шын өмірге тамы р бекітті. Қиялдағы төртіп
адам санасында дәурен сүре тұра, материалдық дүниемен берік бай-
ласып жатады. География, фауна, флора, микроорганизмдер, адам де-
несінің құрылымы мен адам жасаған технологиялар қиялымызды шек-
тейді. Бір жағынан, қиялдағы тәртіп те біртіндеп географияны, фауна
мен флораны, адам денесінің құрылымы мен адам жасаған технология-
ларды көріп-білуімізге септеседі. Соныц нәтижесінде осынау қиялдағы
тәртіп басқа бір нәрседен гөрі шындыққа сәйкес келеді. Міне, сондықтан
адамдарға басқа балама іздегеннен тәртіпті қиялдаған оңайлау сияқты.
Батыста қазір жұрттың көбі индивидуализмге иек артады. Осы сенім бо-
йынша, эр адам - тұлға, оның қүндылығы өзге адамдардың ол туралы
айтқан пікірлеріне байланысты. Әрқайсысымызда өмірімізге мән-мағы-
на мен мақсат дарытатын жарқын нұрлы сөуле бар. Қазіргі Батыстық
мектептерде балаға сыныптастарының күлкі қылып, келемөждегеніне
көңіл аудармауға кеңес береді: «Өзгө емес, сен ғана, шын мөнінде,
өзіңніңжақсы екеніңді білесің», - дейді олар оқушыларға.
105
j
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Ж аңа заман архитектурасы осы мифті тас пен цемент арқылы
нақты түрде көрсетеді. Мінсіз үй эр бала сырт көзден таса жеке ке-
ңістігіне еніп, толық тәуелсіздікке ие болуы үшін бірнеше шағын бөл-
меге бөлінеді. Бөлменің, әрине, есігі бар, қазіргі кезде де отбасының
көпшілігінде бала оңашаланып, оны жауып, кейде кілттеп алады. Тіпті
әке-шешесі де есікті қақпай, бейсауат кіруге батпайды. Бөлмені бала
өз талғамына қарай көріктендіреді: қабырғада - рок-жұлдыздардың
Достарыңызбен бөлісу: |