&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


алайда, бұл жөнінде менің жалшыма айтушы болмаңыз, онда ол мені



Pdf көрінісі
бет117/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

алайда, бұл жөнінде менің жалшыма айтушы болмаңыз, онда ол мені
түнде бауыздап кетеді», - деген екен. Хаммурапи - өзінің иерархиялық
ұстанымын, 
ал 
Томас Джефферсон 
адам 
құқықтары туралы
аксиомасын тап осылай қорғаштар еді. Homo sapiens-тің табиғаттан
алған ешқандай ажырамас құқықтары жоқ, сол сияқты олар өрмекшіде
де, шибөрі мен шимпанзеде де болған емес. Алайда муны жалшыларға
айтып қажеті жоқ, әйтпесе бізді түнде бауыздап кетер.
Бұл қорқыныш бекер емес. Заттардың табиғи тәртібінің анықтама-
сы тұрақты. Таңертең «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» істөн шығар-ау
деп қауіптенбейміз - оған адамдардың көпшілігі сенетін, сенбейтіні
де маңызды емес. Қиялдағы тәртіпке, керісінше, әрдайым қирап қалу
қаупі төніп тұрады, өйткені ол мифтерге арқа сүйеген. Ал миф көпші-
лік сенуін қойған бойда сейіліп кетеді. Қиялдағы тәртіпті сақтау үшін
ұдайы саналы күш жұмсап отыру, соның ішінде зорлық-зомбылық пен
мәжбүрлөу шарасын қолдану керек. Армия, полиция, сот жене түрме,
міне, негізгі құралдар жиынтығы, осылармен өкіметтегілер адамдарды
қиялдағы төртіпті мойындап, соған бағынуға мәжбүр етеді. Бабылдық
көршісінің көзін шұқып ағызса, онда «көзге - көз» қағидасын жүзеге
асыру үшін кінәліге қатысты да күш қолдануға тура келді. 1860 жылы
Америка азаматтарының көпшілігі «Африкалық құлдар да адамдар,
демек, олар еркін болуға тиіс!» деген үйғарымға келген кезде, Оңтүстік
103
\


ЕКІНШІ БӨЛІМ
штаттарды осы аксиоманы қабылдауына көндіру үшін ұзақ жылдарға 
созылған қанқұйлы соғыс қажет болды.
Күштеумен, зорлықлен қиялдағы тәртіпті ұстап тұра алмайды. Оған, 
сондай-ақ шынайы сенушілер қажет. Тотының түгіндей құбылған дәр- 
гейлі мансабын XVI Людовик кезінде бастап, содан соң Революцияға, 
кейін Наполеонға қызмет еткен князь Талейран егде тартқан шағында 
монархияшыға айналды. Он жылдық министрлік тәжірибесін ол: «Най- 
заның ұшымен көп нәрсеге қол жеткізуге болады, бірақ оның үстінде 
отыру өте қолайсыз», - деп қысқа қайырым сөзбен қорытты. Кейде бір 
діни қызметкер жүз солдатты алмастырып, соларға тиесілі қызметтік 
міндетті арзан да тиімді атқарып шығады. Оның үстіне сүңгісі қаншама 
сесті болғанымен, оларға осы найзамен қаруландыратын адамдар да 
керек қой. Солдаттар, түрме қарауылдары, соттар, полицейлер өздері 
сенбесе қиялдағы тәртіпке не үшін қызмет етеді? Адами іс-әрекеттің 
барлық
түрінің ішінде 
ең қиыны
- зорлык-зомбылықты үйымдастыру. 
«Қоғамдық тәртіп тек қарулы күшпен қорғалады» дегенді ести қалса- 
ңыз, «бұл қарулы күш нені қорғап тұр?» деп сұрай салыңыз. Тек қана 
мәжбүрлеумен армияны ұйымдастыру мүмкін емес. Ең болмағанда, 
офицерлер мен солдаттардың бір бөлігі әлденеге: «Құдайға, ар-на- 
мысқа, Отанға, ержүректікке немесе ақшаға сенуге тиіс».
Осы сұрақты әлеуметтік пирамиданың ұшпағында отырғандарға 
жолдау, бұдан да қызықтырақ болар еді. Олар өздері сенбейтін қияли 
тәртіпті не үшін елге таңады? Жауабы оңай сияқты көрінеді: элита- 
ны қарабайыр құлқынқұмарлық жетелейді. Бірақ ештеңеге сенбейтін 
адам ашкөз болмайды: нақты биологиялық қажеттіктерін қанағаттан- 
дыру үшін 
Homo sapiens
-ке көп нәрсе керек емес. Миллиард долларға, 
әрине, пирамида тұрғызуға, әлемді шыр айналып шығуға, сайлау нау- 
қанын қаржыландыруға, террорлық ұйым құруға болады... Немесе осы 
ақшаны қорға салып, тағы да миллиард табуға мүмкіндік бар - бірақ 
нағыз скептик осы айтылған шешімдердің бәрін бос әуре санар еді. 
Киник (циник) мектебін қалыптастырушы грек философы Диоген бөш- 
кеде өмір сүрген. Бірде ол осы бөшкенің алдында күнге қыздырынып 
жатқанда Александр Македонский келіп, оның өтініш-тілегінің бәрін 
орындайтынын айтады. Сонда Диоген құдіреті күшті жеңімпаздан ор- 
нынан жылжуын, күннің көзін қалқаламауын ғана өтінген екен.
Киниктердің дәурені жүрмегенініңсебебі осы. Қиялдағы тәртіп тұр- 
ғындардың көпшілігі, әсіресе элита мен қауіпсіздік қызметінің біршама 
бөлігі оған алғаусыз сенімін біржола жоғалтып біткенге дейін сақтала- 
ды. Діни қызметкердің барлығы Исаға сенуін тоқтатса, христиандық 
2000 жыл бойы тұра алмас еді. Президенттер мен конгрессмендердің 
көпшілігі адам құқықтарына сенбесе, америкалық демократия 250 жыл 
бойы салтанат қүрмас еді. Инвесторлар мен банкирлер капитализмге 
сенбесе, жаңа замандағы экономикалық жүйе бір күн де тұра алмас 
еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет