«Нұрсая» балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!



Дата07.02.2022
өлшемі14,49 Kb.
#89727
Байланысты:
1жыл


« Нұрсая» балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!

Зал мерекеге сай безендірілген. Сахна төріне жүргізуші шығады.


Жүргізуші:
Армысыз, қайырымды аспан ата
Армысың мейірімді жер ана
Армысың шұғылалы алтын күн
Қуан-шаттан алақай
Күліп шықты күн бүгін
Қайырылы таң, қайырылы күн
Қош келіпсіздер құрметті қонақтар, жиылған қауым. «Нұрсая» балабақшасының 1 жылдық мерекелік концертін ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші:
Бәрекелді балалар,
Қонақтар
Төрлетіндер,
Бүгін қуаныш, бүгін той.
(Ортаға персонаждар шығады)
Сайқымазақ:
Туған күнінмен,
Шын жүректен құттықтаймыз,
Бізде ән мен күйде бар,
Бізде би мен жыр да бар.
Мен мерекені ұнатамын,
Би билеуді, ән айтуды да жақсы көремін.
Мен көңілдімін, мен тентекпін.
Ортаға балалр шығады.
Балалар:
«Нұрсая» балабақшасы туған күніңмен. Біз сені құттықтауға келдік.
Бәрі: «Туған күнінмен»
(Персонаждар балаларды қолдарынан ұстап, сахна төріне апарады.)
Ән: «Балабақша»
Мынау не?(ол қауырсындарды ұстап)
Жүргізуші:ол балапандардың қауырсындары шығар, міне олар өздері де сені құттықтауға келіп қалыпты.
Би: «Балапандар»биі
ЖүргізушіРахмет сендерге достарым !!!
Сайқымазақ:
Шалқытып мерекеге ән салайық,
Иесіне ән жырдың тамсанайық.
Ортаға өнерлерін ала келген
Бөбектерді құрметпен қарсы алайық.
Жас, әдемі, кішкентай бүлдіршіндерімізді «*******» қарсы алыңыздар.
Би: «*******»
Жүргізуші:
-Балалар көрдіңіздер ме, біздің балаларымыз қандай өнерлі!
Сайқымазақ:
-Дұрыс айтасыздар достар! Біздің бүлдіршіндеріміз ән де айтады, би билейді, сонымен епті күшті. Олай болса ойын ойнайық
«Кеглиді доппен құлату»
 Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату. Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
Көбелек: Достар, біраз серуендеп қайтайықшы.
Жүргізуші:
Бүгін туған күніміз,
Қолда шоқ - шоқ гүліміз.
Көңіліміз көркейді,
Көп ән - би, жырымыз!
Ендеше, « » биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Біреу озса жарыста ,
Біреу артта қалады .
Жеңілгендер ренжімей ,
Тараса бізге жарады , - деп келесі кезекте «Арқан тарту» ұлттық ойнымызға береміз.
«Арқан тартыс» .
Шарты : Екі топ балалары арқан тартысады .

Жүргізуші:Бір жыл толып қалыпты міне бүгін,
Жаста болса шыңға шығар бір белес.
Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер,
Өркениетті еліне қосар үлес! Келесі кезекте сөз кезегін балабақша меңгерушісі ****** беріледі.
Құрметті балалар! Назарларыңызға рахмет, ендеше бүгінгі туған күн ертеңгілігіміз осымен таман келесі кездескенше сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет