Сабақ Тақырыбы: Ойлай отырып, ойнайық!



Дата29.06.2017
өлшемі27,29 Kb.
#20532
Тренинг сабақ

Тақырыбы: Ойлай отырып, ойнайық!

Мақсаты: мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Оқу іс-әрекетінің түрі:ойын, тренинг

Әдіс – тәсілдері: ойын

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар, жемістер, көкөністер, заттар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар! Көңіл-күйлерің қалай, жақсы ма?

Ендеше, бүгінгі тренингімізді бастайық.Тренингімізді бастамас бұрын, мына ережелерді есімізге сақтап алайық.

Тренинг ережесі.


  • Күлімсіреу;

  • Бір-біріне кедергі жасамау;

  • Өзгенің пікірін сыйлау;

  • Сөзді бөлмеу, тыңдау;

Тренинг дегеніміз – ойыннан құралған сабақ, яғни тақырыбымыз «Ойлай отырып, ойнайық» деп аталады.

Балалар, мына алтын ережелерге бағынсақ, сонда ойынымыз сәтті өтеді.

Тренинг барысы:

І. Танысу рәсімі.

«Достық шеңбері».

Шарты: Әр қатардан бір қатысушыдан шығып шеңбер құрып тұрады. Өз есімдерін теңеу сөздермен (өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады.

ІІ.«Адасқан әріптер».

Шарты: Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағыталады.

Талдау 1. Балалар, ойын ұнады ма?

2. Жауап беру қиынға соқты ма?

ІІІ. Түрлену.

Шарты: Берілген әр түрлі аңдарды, мамандықтарды т.б. ым-мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады.

ІV. «Не артық?» ойыны.

Әр топтың алдына заттар беріледі, сол заттың ішінен қайсысы артық екенін балалар табу керек.

V. «Сенің ойынша ...»

Егерде,

«...ертегі кейіпкердегі бауырсақ болсаң, ...»

«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе, ...»

VІ. «Ұқсас сөздер» ойыны.

Балалар бұл ойында тәрбиеші атаған сөзге, ұқсас сөз атаулары керек. Мысалы, үлкен сөзін айтамын, балалар-ірі, дәу, зәулім.

Әдемі- көркем, сұлу, көрікті, ажарлы, әсем, сүйкімді.

Сыйлау– құрметтеу, қастерлеу, қастерлеу.

Уақыт– мерзім, мезгіл.

Мықты– берік, күшті, зор.

VII. «Күлегештер» (смайликтер) салу.

Балалар, бүгінгі ойын-тренингтерден алған әсерлерін, көңіл-күйлерін ақ қағазға күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл-күйін көрсетеді, салады, өз еркімен әсемдеуге болады.



Қорытынды.

  • Жақсы балалар, бүгінгі ойын тренигіміз сендерге жақсы көңіл-күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл-күйі арқылы байқап тұрмын.

  • Осылайша, іс-әрекет ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздерінің ақылды балалар екендеріңді дәлелдеп, көрсетіңдер! Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер!

  • Сау болыңдар, балалар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет