Тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуы



Дата08.02.2022
өлшемі30,96 Kb.
#119344
түріРеферат
Байланысты:
Әлем өркениетінің дамуы

Реферат


Тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуы

Дайындаған: Бейсембек Ботагөз


Қабылдаған: Марал Ж.Т

2021 ж.
Жоспар:




1) Кіріспе

  • Ежелгі мемлекеттердің пайда болуы және дамуы

2) Негізгі бөлім

  • Ежелгі Египет,Қытай мен Үндістан.

  • Ежелгі Грекия,Рим,Африка өркениеті.

  • Ежелгі Америка, Аустралия және Мұхит аралығындағы өркениет

  • Ежелгі діни нанымдар

3) Қорытынды

  • Әлемдік діндер мен өркениеттің дамуы



Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды.
Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды.
Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды.
Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.
Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:

  • Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн), Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.

  • Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.

  • Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.

  • Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.

Б.з.б. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.
Б.з.б. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ г.г.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) — таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.
2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болады;
3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.
Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 400 млн. оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды.
Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген ұғым - Құдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Құдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Құдай туралы білім болғанымен, теология Құдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауға шақырады. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол -Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология. «Құдайдың сөзі емес», ол «Құдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой-парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой-өрісін жоғары дәрежеге көтерді. Басқаша айтқанда, «Сенетін сенімді, сенім арқылы сендіру» - деп түсіндіреді.
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету:
а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай;
ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы;
б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед);
в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы;
г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау;
ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін.
Әлемдік өркениет:
1) адамзаттың қол жеткен табыстарының жиынтығы;
2) әлемнің қарқынды ілгері дамуы;
3) нақтылы ал- дыңғы қатарлы (әдетте батыстық) әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.
Қазіргі қоғамтануда әлемдік әркениет жайлы пікірталастар аса маңызды орын алады. Әлемдік өркениеттің негізгі қырларын талдау - оны шынайылық деп қабылдау немесе мінсіз нормативті үйлесім ретінде қарастыру. Сонымен қатар әлемдік өркениетті ойдан шығарылған, жалған ретінде мойындамау ұстанымы да бар (А. Тойнби, С. Хантингтон және т.б.). Әлемдік өркениетті түсіну мәселесі адам қызметінің барлық саласымен байланысты. Жаһандану процесінің мәнін түсіндіруде бір жағынан еуропалық-атлантикалық өркениеттің монологын білдіретін, өркениеттік айырмашылықтарды жоққа шығаратын оптимистік пікірлер, "бір өркениеттің екіншісіне қарымтасын қайтаруы" (Ф. Бродель); екінші жағынан, жаһандану жағымсыз қырынан, жаһандық процестер батыстық емес қоғамдарды ескінің қалдығына айналдырушы ретінде қарастырылады.
Әлемдік және шағын өркениеттердің арақатынасы мәселесі өзіне тән белгілері бар әлеуметтік-мәдени қауымдастықтардың иерархиясын білдіретін ұғымдардың көпмәнділігіне орай әдістемелік қиыншылықтарға үшырайды.

  • Біріншіден, бұл этноәлеуметтік құрылымдар болуы мүмкін (мыс., майя, вавилон, шумер өркениеттері және т.б.), яғни, этникалық құрылымы жағынан біртұтас қауымдастықтар.

  • Екіншіден, өркениет ұғымына бір мәдени аудан аясына қарайтын кең ауқымдағы әлеу- меттік-мәдени қауымдастықтарды да жатқызуы мүмкін (мыс., эллиндік, еуропалық, латынамерикандық, ресейлік өркениеттер және т.б.)

  • Үшіншіден, өркениетті тарихи біртиптес әлеуметтік-мәдени қауымдастықтарды формация құрылымымен байланыстырып қарастырады (құлиеленуші, феодалдық және т.б.). Сонымен қатар, "өркениет" ұғымы адамзат баласының қол жеткізген әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің атауында қолданылады, осы жерде әлемдік өркениет ұғымымен тікелей жанасады. Әлемдік өркениет тарихи бола тұра, әлеуметтік дамумен тығыз байланысты, нақтылы саяси, мәдени, этникалық, аймақтық ерекшеліктеріне қарамай, барлық адамзаттың әлеуметтік, материалдық және рухани жетістіктерін тізбектейді. Тапсырма: маңызды конспект жазу.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Ежелгі_дүние

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Ежелгі_Мысыр

  3. https://www.referat911.ru/Religiya-i-mifologiya/ezhelg-dni-nanymsenmder/192260-2328121-place1.html


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет