Сөж тақырыбы: «Рим империясында христиан дінінің қалыптасып, таралуы.» Орындаған: Жәдігерқызы Айна Тексерген: Қартабаева Ерке Рим империясында христиан дінінің қалыптасып, таралуы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Тарих» Кафедрасы «Ғылыми Тарих»
СӨЖ Тақырыбы: «Рим империясында христиан дінінің қалыптасып, таралуы.» Орындаған: Жәдігерқызы Айна Тексерген: Қартабаева Ерке
Рим империясында христиан дінінің қалыптасып, таралуы Көне дүние және көнелiктiң бастаушы өркениеттерi ежелгi Рим, бiр, адамгершiлiк өркениеттiң тарихына үлкен үлестi енгiздi. Мысалы, мысалы, тап ол басқа жаңалықтардың доңғалақты су диiрмендерi аркке және күмбез және қатар римдiк құқықты қазiргi әлемге, кейбiр сәулеттiк формаларды сыйға тартты. Бiздiң эрамызға дейiндер 27 жылдан Ежелгi Римнiң тарихының ең маңызды мерзiмдерi бiр болып табылған Римдiк империяның дәуiрi, шекаралардың ең үлкен кеңейтуiн мерзiммен басталды. Және өмiрдiң әртүрлi тараптарындағы ең үлкен өркендеуiнiң табыстары. Христиандық бұл сонымен бiрге дiн Римдiк империяның аумағында дүниеге келдi. 306-337 христиандықтың Константинаның императорының басқаруына Римдiк империяның мемлекеттiк дiн болып қалыптасады. Ғұндарды 375 жылда Еуропаларға басып кiрдi. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың («варда» — сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды.
Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 ж. құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде қалыптасқан пұтқа табынушылық-ты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бүл процесс Рим империясы қүлағаннан кейін де толастамады. Бүл жағдай — Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бет-бейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді. Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды. Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды. Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Осындай жағдайларда Рим империясында жалпы әлеуметтік, саяси және экономикалық дағдарыс жағдайында елде жаңадан күш қажет болды. Сол сияқты жаңа күш ретінде діниі ілімдер болды