Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі ІІ модуль



Дата01.04.2017
өлшемі29,96 Kb.
Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері

Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы.

Сөз екпіні

Тақырыбы: Бата беру

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал-мәтелдерін айту

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.

Сөздік: ұяла сөйлеу – говорить стесняясь, дәм татқызу – угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік воспитанность, мәдениет – культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау — прислушиваться

Бата беру

Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жолдама берілді.

Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: -Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.

Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.



  • Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.

  • Сапарың оң болсын!

  • Аман жүр, қарағым!

  • Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.

Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.

Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.



(Ф. Оңғарсыновадан)

Жоспар:


Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.

Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 12e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e6 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Функцияның графигін қарапайым түрлендіру» 0111000 «Негізгі орта білім (информатика)»
12e6 -> «Ана тілім – алтын діңгегім»
12e6 -> Мақсаттары: Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет