Сабақ Күні: Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі



Дата05.06.2017
өлшемі51,31 Kb.
#17577

І тоқсан. 23-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері

Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы.

Сөз екпіні

Тақырыбы: Бата беру

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал-мәтелдерін айту

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.

Сөздік: ұяла сөйлеу – говорить стесняясь, дәм татқызу – угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік – воспитанность, мәдениет – культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау — прислушиваться

Бата беру

Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез-құлқы да жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жол­дама берілді.

Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: -Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.

Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.



  • Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.

  • Сапарың оң болсын!

  • Аман жүр, қарағым!

  • Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.

Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.

Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.



(Ф. Оңғарсыновадан)

Жоспар:

  1. Әсем - үздік оқушы.

  2. Анасының ақылы.

  3. Үлкендердің батасы.

  4. Сәлем беріп, бата алу - мәдениеттіліктің белгісі

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 4-тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.

Бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет