ойыншының да тал сондай дәл ережемен ойнайтынын да білу керек.
Жануарлар да ойын ойнайды, әсіресе шектен шықпайтын агрессия-
ға да барады, бірақ олар мұндай кезде инстинкке бағынады: әлемнің
кез келген қиырындағы әр күшіктің генінде бейтанысқа шабатын ере-
жені «қорғау» қалыбы бар, сол арқылы ол бірін-бірі қуаласуға шақы-
рып ырылдайды, азуын жорта ақситады. Алайда жастарда футболға
арналған ген жоқ: сөйте тұра, олар мүлдем бейтаныс құрбыларымен
ойнай алады, себебі олардың барлығының осы спорт түрі туралы бі-
регей түсінігі бар. Бүл түсініктер идеяларға, яғни қиял әлеміне жатады.
Оларды бәрі бірдей мойындаса ғана ойнауға болады.
Тал осы негіздемелерге патшалықтар, шіркеулер мен сауда желі-
лері де сүйенеді, тек бір ғана айырмашылығы бар: футбол ережелері
салыстырмалы түрде қарапайым келеді, оларды аңшылар мен терім-
шілер немесе шағын қоныс тұрғындары бағынған ережелер сияқты
қысқаша мазмұндауға болады. Әр ойыншының сол ережелерді игеру-
ге шамасы келеді, оның миында ән жаттап, әлдебір образдарға, тіпті
сатып алатын заттар тізімін сақтауға да орын қалады. Ал ынтымақ-
тастыққа он шақты емес, мыңдаған, миллиондаған адамды тартатын
алпауыт жүйелер аса ірі ақпараттар ауқымын туындатады, оларды
бірде-бір адамның миы өздігінен өңдеп, сақтай алмайды.
Құмырсқалар илеуі мен омарталар сияқты кейбір тіршілік иелері құ-
ратын үлкен ұжымдар тұрақты қалпында қалады, себебі олардың өмір
сүруіне қажет ақпараттардың барлығы геномда жазылып, белгіленген.
Немен қоректенгеніне байланысты ұрғашы ара дернәсілі не омарта
ханшайымы, не жұмысшы ара ретінде дамып-жетіледі. Оның ДНҚ-сы
екі рөлге арналған мінез-құлық бағдарламасын: сарай этикетінің де,
пролетарлық ыждаһаттылықтың да ережелерін сақтаған. Омарта - жұ-
Достарыңызбен бөлісу: |