&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғанда - өте тиімді екенін бәріміз білеміз



Pdf көрінісі
бет134/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғанда - өте тиімді екенін бәріміз білеміз.
Ал енді кипуде немесе қыш тақташаларда сақталған ақпаратты
қалай тауып, жаңғыртуға болады? Әзірше қолымызда он шақты, тіпті
жүз шақты тақташа бар делік, оларды бірдеңе қылармыз. Ал мыңдаған
тақташа болса, қайтеміз? Иә, Хаммурапи, Зимри-Лима, Мари патша-
лардың замандастарында олардың мыңы болды ғой.
Ойша б.з.д. 1776жылға сапар шегіңіз. Мари патшалығының екі
тұрғыны егістік танабына бола дауласып қалды делік. Иаков оны 30 жыл
бұрын Исавтан сатып алғанын айтады, ал Исав болса жерді сатпағанын,
30 жылға жалға бергенін, енді өз меншігіне қайтарып алғысы келетінін
алға тартып, бет бақтырмайды. Екеуі қызылөңештене керісіп, бірін-бірі
түйгіштеуге көшеді де, кенет естерін жияды: елдің кез келген түкпіріндегі
жылжымайтын мүлікке қатысты жасалған бүкіл мәмілелер туралы
жазбалар сақталатын патша мұрағатына жүгініп, дау-дамайды шешуге
болады ғой. Олар мұрағатқа барады, ол жерде бір шенеунік екіншісіне
қудалайды. Біреуінің шай ішіп болуын күтуге тура келеді, бірақ тағы
қайтадан шай ішу (шөптен тұндырылған, әрине) басталады, одан
соң үшінші үзіліс, ақырында, олар үйлеріне қайтып, ертең көлулерін
нүсқайды. Ертесіне мұрағат маманы күңкілдеп жүріп, қажет тақташаны
іздөуге кіріседі. Ол есікті айқара ашады да, биіктігі еденнен төбеге
дейін жететіндей етіп қаланған бума-бума қыш тақташалар сақтаулы
атшаптырым бөлмеге алып кіреді. Клерктің жүзі түнеріңкі екеніне
таңғалатын түгі жоқ. 30 жыл бұрын жасалған мәміле жөніндегі жазбаны
ол қайдан таппақ? Таба қалғанның өзінде де әлгі тақташа даулы
117


Е КІН Ш І БӨЛІМ
танаптың статусына қатысты соңғы жазба екеніне қалай көз жеткізеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет