салатын қоржынға кетеді. Бірнешө санатқа жататын сақтау заттары- ның жайы бәрінен қиындау. Мысалы, Вагнөрдің музыкалық драмасы - оны қайда жіберген жен? Музыка сөресіне ме, театр бөліміне ме, әлде жаңа айдар ашу керек пе? Міне, осылайша, үнемі жаңа айдарлар қо- сып, артығын лақтырып, тәртіпке келтіругө тура келеді. Мұндай «сөрелер» жүйесінде қызмөттік міндеттерін атқару үшін адамдар адамша ойлауды қойып, бухгалтерлер мен клерктер ретінде ой жүйелеуді үйренуге тиіс. Бағзы заманнан күні бүгінге дейін баршаға мәлім нәрсе: клерктер мен бухгалтерлер адамша ойламайды. Олар- дың миының орнында секциялар мен жәшіктерге бөлінген мұрағат шкафы тұр. Олар бәрін рет-ретімен сөрелерге қоймаса, өздеріне се- ніп тапсырған деректер сапырылысып, шатасып кетер еді. Ондай қыз- меткерлерден мемлекетке де, компанияға да, олар жұмыс істейтін кез келген басқа ұйымға да ешқандай пайда жоқ. Жазу-сызуды ойлап та- будың маңызды салдары да осында: адамдар басқаша ойлап, әлемді өзгеше көзқараспен бажайлауға үйренді. Сандар тілі Жүзжылдықтар өтіп жатты, деректерді өңдеудің бюрократиялық әдістері адамныңтабиғи ойлау жүйесінен бірте-бірте алыстап, бұрынғы- дан да пәрменді рөл ойнай бастады. Бізге белгісіз сәтте, бірақ б.з. IX ға- сырына дейін шешуші оқиға өтті: математикалық деректерді бұрын-соң- ды кездеспеген жолмен, тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін тағы бір жазу нүсқасын ойлап тапты. Бұл жазу небары он таңбадан тұрды, 0-ден 9-ға дейінгі сандарды өрнектөуге арналды. Оларды үнділер ойлап тапқаны- мен «араб сандары» деп атайды. Атақ-абырой арабтарда қалды, өйткені олар Үндістанды жаулап алып, жазудың осы жүйесіне үшырасқан бойда 119