&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лион адам мекендеген, қазіргі Пару, Эквадор мен Боливия, сондай-ақ



Pdf көрінісі
бет132/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лион адам мекендеген, қазіргі Пару, Эквадор мен Боливия, сондай-ақ
Чили, Аргентина жәнө Колумбия өлдерінің жар аумағын қамтыған инк-
тер империясында шарықтай дамыды. Кипудің көмегімен инктер ақ-
параттың ауқымды мөлшерін сақтап, қорытып отырды, онсыз мұндай
алып империяның күрделі әкімшілік жүйесі қызмет атқара алмас еді.
Кипу ақпарат сақтаудың соншалықты дәл, әрі оңтайлы пішімі бо-
лып шықты. Тіпті Оңтүстік Американы жаулап алғаннан кейін бастап-
қы кезде конкистадорлардың өздері оны жаңа иеліктерін басқару ба-
рысында пайдаланды. Бірақ елеулі мәселе туындады: испандықтар
кипудің көмегімен жаза да, оқи да алмады, сондықтан тұрғылықты ма-
мандарға кіріптарлыққа түсті. Құрлықтың жаңа қожалары, бұл жағдай
өздерін түйыққа тірейтінін шапшаң түсінді: жергілікті тұрғындар өздері
жек көретін мырзаларды алдап-арбап, тонай алды. Испандықтар би-
лігі біршама нығайған бойда кипу қолданыстан шығарылып, жаңа им-
периядағы жазбалардың барлыгы латын әліпбиімен және Еуропада
қабылданған цифрлармен жүргізілді. Үзаққа созылған испан басқын-
шылығынан кейін тым аз кипу аман қалды, енді олардың жұмбағын
шешудің орайы келер емес - ежелгі кипу оқу өнері жойылып тынды.
Бюрократияның кереметі
Андты мекендеушілерден Месопотамия түрғындарының айырма-
шылығы, ақыр аяғында, көңілсіз сандардан басқа тағы бірдеңе жазуға
бәрібір талпынды. Б.з.д. 3 00 0 -2 5 0 0 жылдар аралығында жазудың шу­
мер жүйесі біз қазір «сына жазу» деп атайтын толық жүйеге жеткенге
дейін біртіндеп жаңа таңбалармен молыға берді. Б.з.д. 2500 жылдың
ортасында патшалар әліпбиі жарлық шығару үшін сына жазуды пайда­
ланды. Абыздар көреген ойларын қаттап, тіпті қатардағы азаматтар да
хат жазыса бастады. Шамамен сол дәуірде мысырлықтар төл әліпбиі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет