Тап осы парадигма аясында соңғы онжылдықтағы отарсыздану
үдерісін қарастырған жөн болар еді. Қазіргі дәуірде еуропалықтар өз-
деріне ізгі амал көрінетін сылтаумен - Батыстың жоғары мәдениетін
тарату желеуімен жер шарының ауқымды бөлігін бағындырды. Олар
діттегендеріне жетті. Миллиондаған тіпті миллиардтаған адам Батыс-
тың мәдениетін, әлде оның елеулі бір элементін қабылдады. Үнділер,
африкалықтар, арабтар, қытайлар мен маорилер ағылшын, француз
немесе испан тілінде сөйлеп кетті. Олар адам құқықтары мен ұлттық
өзін-өзі билеу ұстындарына сенеді, либерализм мен капитализм, ком
мунизм, феминизм жене ұлтшылдық сияқты Батые идеологиясын бой-
га сіңіріп алды.
X X гасырда Батые құндылықтарын бойға сіңірген жергілікті топ-
тар - дел сол құндылықтарға сүйене отырып, Еуропа отарлаушыла-
рынан теңдікті талап етті. Отаршылдыққа қарсы күрес өзін-өзі билеу,
социализм, адам құқықтарын қорғау ұранымен өрбіді. Бүлардың бәрі
ақнәсілді адамның құндылықтары еді. Мысырлықтар, ирандықтар мен
түріктер араб жаулаушыларынан мирасқа қалған империялық мәде-
ниетті қалай қабылдап, бейімделсе, қазіргі үнділер, африкалықтар
мен қытайлар да белгілі бір дәрежеде бұрынгы Батыс қожайындары-
ның империялық мәдениетін бойға сіңіріп, өздерінің дәстүрлері мен
қажеттіліктеріне орай жаңғыртты.
179
ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
И м периял ы қ кезең
Рим
Шағын топ
Римдіктер Рим
Арабтар халифат
үлкен империя
империясын құрды
құрды
ҚҰРДЫ
Империя
мәдениеті
қалыптасты
Грек-рим мәдениеті
Араб-мұсылман
Достарыңызбен бөлісу: |