&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


йесі бар ел құра білді. Олар үнді сот жүйесінің негізін қалап, әкімшілік



Pdf көрінісі
бет213/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

йесі бар ел құра білді. Олар үнді сот жүйесінің негізін қалап, әкімшілік
құрылымын жасады, теміржол желісін салып, сол арқылы экономика-
лык интеграция мүмкіндігін қамтамасыз етті. Тәуелсіз Үндістан мем-
лекеттік құрылыс пішімі ретінде демократияның британдық нұсқасын
сақтады. Ағылшын тілі - субконтинентте ұлтаралық қарым-қатынас
күралы, хиндиша, тамильше, малайша сөйлейтіндер бір-бірін түсіну
181


Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М
үшін жүгінетін делдал тіл болып қалды. Үнділер крикет тістеп, сорап- 
тап шай ішкенді өте жақсы көреді - екеуі де оларға ағылшындардан 
жүғысқан әдет. Өнеркәсіптік шай плантациялары Үндістанда британ- 
дық «Ост-Инд компаниясы» шай өсіре бастаған кез - XIX ғасырдың 
ортасына дейін болған жоқ. Шай ішу салтын Үндістанға тәкаппар ағыл- 
шын сағибтары үйретті.
28. Мумбайдағы (Бомбей) Чатрапати Шиваджи бекеті. Бастапқыда Виктория бекеті
болған. Ағылшындар оны XIX ғасырда соны үрдіске айналған неоготикалық әдіппен
салған. Үндістанның ұлтшыл үкіметі қаланың да, бекеттің де атын өзгерткенімен,
басқыншылар салса да, ғажайып ғимаратты қиратып тастай алмады.
Бүгінде Үндістанда мұның бәрі империяның мүрасы дегенді негізге 
алып, демократиядан, ағылшын тілінен, теміржол желісінен, қүқықтық 
жүйеден, крикет пен шайдан құтылу үшін референдум өткізуге тілек 
білдірушілер көп пе екен? Тіпті мүндай референдум өткізе қалған күн- 
де де, демократиялық өз еркін білдірудің осы жолы да бұрынғы ақ мыр- 
залардың мүрасы болып шығады ғой.
Тіпті бағзы замандағы төл мәдениетті қалпына келтіріп, сақтау 
ниетімен империялық мүрадан ада-күде бастартқан күнде де өзіміздің 
тым көне, бірақ мынадан да қатыгез империяның мұрасын қорғаштап 
отырғанымызды түсінер едік. Үнді мәдениетін британдық бұрмалау- 
дан тазартқысы келетіндер Моғол империясы мен Дели сүлтанатының 
мұрасын еріксіз дәріптейді. Үндінің төл мәдениетін осынау мүсылман 
империяларының қабаттасуынан қүтқаруға тырысатындар Гупта им- 
периясының, Кушан және Маурия империяларының мүраларын ас- 
қақтатады. Үндінің есалаң үлтшылы Британ басқыншылары түрғызған 
ғимараттардың бәрін, соның ішінде Мумбайдың орталық бекетін де қи- 
ратқысы келсе, онда Тәж-Махал сияқты мүсылман империяларының 
ескерткіштерін қайтер еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет