&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


«басқа бағытка» бүрылып кететін жағдайы да жиі ұшырасады



Pdf көрінісі
бет245/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

«басқа бағытка» бүрылып кететін жағдайы да жиі ұшырасады.
IV ғасырда Рим империясының діни көкжиегінің мүмкіндіктері кең
еді. Дәстүрлі әрі аса алуан текті политеизмнің етегін үстап, айырылмай
қалуына болар еді. Бірақ император Константин жойкын азамат соғы-
сының жүзжылдық зардабына жалтақтай отырып, этникалық тұрғыдан
ала-кұла патшалықты айқын тұжырымдалған доктринасы бар бірегей
дін ғана біріктіре алады деп ойлады. Өз заманындағы культтердің -
манихейлік, митраизм, Изидаға немесе Кибелаға табыну, зороастризм,
иудаизм, тіпті буддизмнің арасынан кез келгенін үлттық дінге айнал-
дыра алар еді. Неге ол қүдайлардан Исаны таңдады? Христиандық
ілімнің несі қызықтырды, әлде бұл діннің әлдебір өлшемдері оның жеке
14-728
209


ҮШІНШІ БӨЛІМ
мақсатына сәйкес келді ме? Христиандықтың өте шапшаң таралып, кең
өріске тең жайылатыны жөнінде Константинге аян түсті ме, әлде төңі-
регінде кеңесшілері сыбырлады ма екен? Бар мәселе шешесінің шо-
қынғанына тіреліп, Константин оның үлгісін өнеге тұтпаса, қу жанына
тыныштық болмасын түсінді ме? Тарихшылар христиандықтың қалай-
ша Рим империясын иектеп алғанын майын тамыза әңгімелеп берер,
бірақ неліктен осы мүмкіндік жүзеге асқанын түсіндіре алмайды.
«Қалай» туралы әңгімелеу мен «неліктен» жөнінде түсіндірудің ара-
сында қандай айырмашылық бар? Бір нүктеден екіншісіне жетелейтін оқи-
ғалар жүйесін қалпына келтіру арқылы «қалай» деген сауалдың жауабын
табамыз. Ал «неліктенді» түсіндіру үшін өзге емес, неге дел осы оқиғалар
болғанын анықтау арқылы себеп-салдарлық байланысты табамыз.
Кей ғалымдар христиандықтың гүлденуі сияқты оқиғаларды де­
терминиста жолмен түсіндіруді қолай көреді. Олар адамзат тарихын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет