&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


мен адам қүқықтарын қазір кездейсоқ, жосықсыз уағыздап жүрміз деген



Pdf көрінісі
бет248/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

мен адам қүқықтарын қазір кездейсоқ, жосықсыз уағыздап жүрміз деген
пікірмен келісу болып шықпай ма?! Бірақ тарихты детерминизм тұрғы-
сынан түсіндіру, оны алдын ала болжау әсте мүмкін емес, өйткені ол
шым-шытырық құбылыс. Бір мезетте орасан көп күш өзара әрекетте-
сіп, аса күрделі әдіппен өріліп жататындықтан, әлгі күштердің қуаты мен
әрекетке түсу сипаты сәл өзгерсе жеткілікті - нәтижесі мүлдем басқаша
болып шыға келеді. Оның үстіне, тарих - екінші деңгейдегі берекесіздеу
жүйе. Бірінші деңгейдегі берекесіз, шым-шытырық жүйе өзіне қатысты
жорамалдарды елең қылмайды. Мәселен, ауа райы дегеніміз - бірінші
деңгейлі берекесіз жүйе. Оған миллиондаған фактор ықпал етеді, сөйте
тұра факторлардың барлығын түгелдей ескеріп, мейлінше дәлірек бол-
жам жасайтын компьютерлік модель құра аламыз.
Екінші деңгейдегі берекесіздік өзі туралы болжамдарға көңіл бө-
леді, сондықтан оның өрбуін алдын ала дәл жорамалдау мүмкін емес.
Мысалы, нарық - екінші деңгейдегі берекесіз нәрсе. Ертеңгі мұнай ба-
ғасын жүз пайыз дәл болжай алатын компьютерлік бағдарлама жасап
шықсақ, не болар еді? Нарық сол бойда болжамды қаперге алып, ал­
дын ала шара қолданады да, болжам орындалмай қалады. Ағымдағы
баға барреліне 90 доллар болса, ал мүлтіксіз компьютерлік бағдар-
лама оның 100 долларға дейін көтерілетінін болжаса, трейдер байып
қалу үшін мұнай сатып алуға үмтылады, соның нәтижесінде мұнай
бәсі таяу болашақта емес, тап сол сәтте 100 долларға дейін шарықтап
кетеді. Ал таяу болашақта не болады? Оны ешкім білмейді.


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
Саясат та екінші деңгейдегі берекесіз дүние. Адамдар 1989 жыл-
ғы революцияны болжай алмаған кеңестанушы-мамандарды сынап,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет