&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғана шындық сияқты көрінетін шығар, сірә. Енді әлдебіреу осы екі дін күй-



Pdf көрінісі
бет251/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғана шындық сияқты көрінетін шығар, сірә. Енді әлдебіреу осы екі дін күй-
реп тынып, үмытылып қалса, жұрттың бәріне жақсы болар еді дейді.
Ғалымдардың едәуір бөлігі мәдениет дегеннің өзін ділге жүғатын
кеселге, адам организміне еніп кететін вирусқа балайды. Олар өзін жұқ-
тырған адамның денесінде жүріп көбейеді, біреуден екіншісіне жұғып, өз
«қожайынының» есебінен қоректеніп, күш-жігерін түгеседі, тіпті кейде оны
өлтіріп тастайды. Паразитке одан бір ғана нәрсе қажет: өзін келесі біреу-
ге жұқтырғанша жүре түрсын, ал жүқтырған соң, мейлі, өмірем қапсын.
Адамдардың басына мәдени үғымдар да тап осындай жолмен енеді. Олар
көбейіп, адамнан-адамға көшеді, ақырында, жұқтырушыны әлсіретеді, ал
кейде өлтіріп тынады. Әлдебір идея - мәселен, бұлттың арғы жағындағы
христиандық жұмаққа немесе жер бетіндегі коммунистік жұмаққа сену -
адамды осы нанымды тарату жолында бар күш-жігерін сарп етуге тіпті
өмірін қиюға итермелейді. Осы көзқарас тұрғысынан, мәдениет - бір адам-
дардың басқаларды қанауға арналған дуасы емес (марксшілдер солай ай-
туға бейім), кездейсоқ келетін әрі өзін жұқтырып алғандарды жегідей жеп,
езіп-жаншитын психикалық паразиттер кеселіне ұшырауы.
Мүндай төсілді кейде «меметика» дел атайды. Осы тұжырымдама
мәдениеттер эволюциясын түрлер эволюциясына ұқсатады. Органика-
лык эволюция органикалық ақпараттық бірлік репликациясы арқылы бе-
рілсе, мәдени эволюция да «мемдер» дел аталатын мәдени ақпараттық
бірлік репликациясына негізделеді. Өзінің мемдерін - жүқтырушы пай­
дасына ма, әлде соның есебінен бе, бәрібір табысты түрде өндіріп-өсір-
ген мәдениет нығайып, салтанат құрады.
Гуманитарлардың көпшілігі меметиканы менсінбейді, бірақ оның туған
ағас ы - постмодернизмге бас шұлғиды. Постмодерншілер мәдениеттің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет