кірпішін- «мем» дел емес, «дискурстар» деп атайды. Бірақ олар да
адамзаттың игілігі туралы бас қатырмастан, мәдениеттер өздігінен көбейе
береді деп пайымдайды. Мысалы, постмодернизмнің түсінігінде нацизм -
соғысты, езгі мен қанауды, өшпенділік пен геноцидті туындатып, XIX және
XX ғасырда әлемді жайпап өткен жойқын індет. Үлтшылдық вирусы адамзат
үшін пайдалы кейіпте көрінуге тырысады, ал, шын мәнінде өзінің ғана
21 3
ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
өркендеуін көксейді. Мұны бір ел жұқтырып алса, көрші ел де сол бойда
осы кеселге шалдығады. Адамдар мұндай кеселден оба мен тырысқақтан
бетер зардап шегеді, соған қарамастан вирус көбейе береді.
Осыған ұқсас ой-пікірлер әлеуметтік ғылымдар саласында да құлаққа
шалынып жүр, бірақ оның түп-төркіні ойындар теориясымен тамырласқан.
Ойындар теориясы көп қатысушысы бар жүйеде ойыншылардың барлыгы-
на зиян шектіретін көзқарастар мен мінез-құлық тұрпаттары қалай тарала-
тынын түсіндіреді. Бізге белгілі мысал -ж аппай қарулану. Жаппай жантала-
са қарулануға киліккен мемлекеттердің көпшілігі кедейленді, бірақ бәрібір
күштер теңгерімін өзгерте алмады. Пәкстан ұшақтардың жаңа түрлерін
сатып алады, Үндістан да солай істейді. Үндістан ядролық қару жасады -
Пәкстан да қалыспады. Соның нәтижесінде күштер теңгерімі сақталады, 61-
рак миллиардтаған доллар денсаулық сақтау мен білім беру ісіне емес, қа-
ру-жарақ жасауға жумсалды. Үнділер мен пәкстаңдықтар мұны неге бірден
түсіне алмады? Әрине, олар бәрін түсінді. Бірақ мұндай сайыстың қарқы-
нын тежей алмайсың. «Жаппай қарулану» - мінез-құлық тұрпаты, ол өзінен
басқа ешкімді игілікке кенелтпестен құдды вирусты індет сияқты бір елден
Достарыңызбен бөлісу: |