тыну көрсеткіші 115 есе ұлғайған). Қазіргі заманның әскери кемесін Колумб кезеңіне алып барған жайтты көзге елестетіп көріңізші. Санаулы секундтарда ол «Нинья- ның», «Пинта» мен «Санта-Марияның» тас-талқанын шығарып, со- дан соң кез келген алып теңіз державасының флотын оп-оңай күйре- те салар еді. Сол кезеңде әлемнің бүкіл сауда флоты қажет болатын тауарлар көлемін қазіргі бес жүк кемесі тасып тастар еді5. Қазіргі компьютер орта ғасырдағы бүкіл кітапхананың қолжазбалары мен құ- йын қағаздарындағы сөздерді, цифрларды жадына түгел сақтай ала- ды, әлі тағы бос орын қалады. Қазіргі шақта кез келген ірі банк осы за- манға дейін дәурендеген әлем патшалықтарының қаржысынан артық мөлшердегі ақшаны сақтайды6. 1500 жылы тұрғындары 100 мыңнан асатын қалалар болған жоқ. Баспананы сазбалшықтан, ағаш пен сабаннан салған олар тіпті үш- қабатты үйлерді зәулім ғимарат санар еді. Көшелердің жазда шаңы бұрқырап, қыста балшығы былжырап, жаяу жүргіншілер мен салт аттылар, ешкілер, тауықтар және сирек кездесетін арбалар сапыры- лысып жататын. Қаладағы негізгі дыбыс - адамдардың дауысы мен 216
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ жануарлардыңүні, балғаныңтарсылы мен қолараның шыңылы. Ымырт үйірілген сәттен қала іші түнекке айналып, тек тастай қараңғыда әр түстан шырақ пен оттың сәулесі жылтылдайды. Мұндай қаланың тур- тыны қазіргі Токионы, Нью-Йорк пен Мумбайды көрсе, не ойлар еді? XVI ғасырға дейін ешбір адам әлемді шыр айналатын саяхатқа шыққан емес. 1522 жылы Магелланның кемесі 72 мың шақырымды жү- зіп өтіп, Испанияға қайтып оралған кезде бәрі өзгерді. Жүзу үш жылға созылды, сол сапарда экспедицияға қатысушылардың түгелге жуығы,