ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ Бірақ ғалымдар нақосындай есеп шығарумен шұғылданады. 1687 жылы Исаак Ньютон «Табиги философияның математикалық бас- лпауын» (The Mathematical Principles of Natural Philosophy), дәліре- гі, қазіргі дәуірдің ең басты кітабын жариялады. Бұл еңбегінде Ньютон қозғалыс пен өзгерістің жалпы теориясын таныстырды. Ньютон тео- риясының маңыздылығы ғаламдағы, ағаштан үзіліп түскен алмадан бастап, аспан төрінен құлдилай аққан құйрықты жұлдызға дейінгі бүкіл денелердің қозғалысын үш қарапайым математикалық заң негізінде түсіндіріп, алдын ала болжау қабілетінде: 1. £ Ғ = 0 2 . Ү , Ғ = т а 3- Ғ\,2 — ~?2,1 Зеңбірек оғының немесе ғаламшардың қозғалысын түйсініп, болжам жасағысы келетіндер объектінің салмағын, қозғалу бағытын және оның жылдамдығын арттыруға қандай күштер эсер ететінін ғана білуі керек. Сол сандарды Ньютонның теңдеуіне салып, объектінің болашақ жай-кү- йін болжауға болады. Бұл ғаламат жаңалық болып көрінді. XIX ғасыр со- ңында ғана ғалымдар Ньютон заңдарына бағынбайтын кейбір тәжірибе сынағына кезікті де, бұл физикадағы кезекті революцияға - салыстыр- малық теориясы мен квантты механиканың пайда болуына жол ашты. Ньютон табиғаттың кітабы математика тілімен жазылғанын дәлел- деді. Оның кейбір тараулары өте қарапайым, дәл теңдеулермен шеші- ле салады. Бірақ күрделі беттері де баршылық. Биологияны, экономи ка мен психологияны жинақы теңдеулерге салуға тырысқан ғалымдар бұл білім салаларында формулаға бағынбайтын күрделі нәрселер ба-