риялар немесе идеялар болмайды.
2. Бақылаулар мен есептеулердің шешуші рөлі.
Білмейтінін мо-
йындай отырып, жаңа заман ғылымы жаңа білім өресіне талпынады.
Қарама-қайшы келмейтін теориялардағы қадағалауларды біріктіру
үшін тәжірибе мен бақылаулардың деректерін жинай әрі математика-
лык әдістерді қолдана отырып, ол жаңа білімге қол жеткізді.
3. Мүмкіндіктерді кеңейту.
Жаңа заман ғылымы теориялар түзу-
мен қанағаттанбайды. Ол теорияларды жаңа мүмкіндіктер иелену, әсі-
ресе соны технологияларды дамыту үшін пайдаланады.
Ғылыми революция білімнің емес, ең алдымен, білімсіздіктің рево-
люциясы болған еді. Ғылыми революцияға алып келген үлы жаңалық-
тар - адамдарға жауабы белгісіз ең маңызды мәселелерге қатысты ой.
Ислам, христиандық, буддизм, конфуцийшілдік тәрізді ерте жаңа
заманның білім дәстүрлері әлемнің құрылысы жөніндегі мәліметтердің
бәрін адам игеріп алды деп тұжырымдады. ¥лық қүдайлар, қүдіреті
күшті бір Құдай немесе баяғының абыздары қасиетті жазбалар мен
ауызша әпсаналар арқылы жеткен толыққанды даналық иелері. Қара-
пайым адамдар осы көне жазбалар мен дәстүрлерге бойлай ену әрі
оларды дұрыс түсінуге тырысу арқылы білім алды. «Қүранда», «Биб-
лияда» немесе «Ведада» ғаламның әлдебір қүпиясы айтылмай кал
ган жене сол құпияны ет пен сүйектен жаралғандардың өз күштерімен
ашуына тура келді-ау деген күмәнді ойға жол берген жоқ.
Білімнің ежелгі дәстүрлері білместіктің тек екі түрін мойындады:
біріншіден, жекелеген адам әлдебір маңызды нәрсені білмеуі мүмкін.
Білім алу үшін ол жай ғана данагөй бір адамға жолығуы керек. Әлі кун-
219
<£
a
І Л
,
i
Достарыңызбен бөлісу: |