&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


жасаймыз. Ал соңғы 500 жылдағы ең маңызды, шешуші сәт 1945 жылғы 16



Pdf көрінісі
бет257/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

жасаймыз.
Ал соңғы 500 жылдағы ең маңызды, шешуші сәт 1945 жылғы 16
шілдеде таңғы сағат 5:29:45-те болды. Тап осы сәтте америкалық ға-
лымдар (Нью-Мехико штаты, Аламогордода) алғашқы атом бомбасын
жарды. Осы сәттен бастап адамзатта тарихтың жүрісін өзгертіп қана
қоймай, оны мүлде тоқтата алатын да мүмкіндік пайда болды.
217


ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ
Адамды Аламагордо мен Айға алып барған тарихи үдерісті «ғылы-
ми революция» деп атайды. Осы бетбұрыстың нәтижесінде адамзат ғы-
лыми зерттеулерге барын салып, шексіз жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Муны «революция» деп атаймыз, себебі 1500 жылға дейін бүкіл әлемде-
гі адамзат экономикалық, әскери немесе медициналық жаңа білім алу
мүмкіндігіне қатты күмәнданды. Мемлекет пен жеке демеушілер ғылым
мен білімді қаржыландырды, бірақ жаңаны дамытуды емес, қолда бар
мүмкіндіктерді сақтап қалуды көздеді. Осы заманға дейінгі кез келген
ел билеуші өзінің басқару әдібін мадақтатып, әлеуметтік түрақтылықты
сақтап қалу пиғылымен діни қызметкерлерге, философтар мен ақын-
дарға ақша беріп тұрды. Бірақ жаңа дәрі, жаңа қару немесе экономика-
лык өрлеуге септігі тиер қандай да бір жаңалықтар күткен жоқ.
Соңғы жарты мыңжылдықта ғылыми зерттеулерге шығындалған-
да адамдар мүмкіндіктерінің көкжиегін едәуір кеңейте түсетініне сенімі
артты. Бұл соқыр сенім емес еді - біраз эмпирикалық дәлелдемелер
жинақталды. Дәлелдер неғұрлым көп жиналған сайын байлар мен ел
билеушілер ғылымға ақшаны соғұрлым көбірек салды. Осынау көп-
ғасырлық күш-жігер болмаса, ешқашан Айға дейін жетіп, микроорга-
низмдер табиғатын өзгертуді және атомды ыдыратуды меңгере алмас
едік. Мысалы, тек соңғы онжылдықта АҚШ үкіметі ядролық физиканы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет