сақтау саласынан бастап, қалдықтарды кәдеге жарату ісіне дейінгі кез
келген мемлекеттік мәселелердің шешімдерін іздестіру барысында ға-
лымдардың уәжіне жүгінеді, ал ежелгі патшалықтар бұған мән бермеді.
Әсіресе қарулану саласынан кереғарлық анық байқалады. 1961 жылы
Президент лауазымынан кетіп бара жатқан Дуайт Эйзенхауэр өскелең
әскери-өнеркәсіптік кешенге байланысты қауіп-қатер туралы сөз сөй-
леген кезде теңдеудің бір бөлігін тастап кетті: әскери-өнеркәсіптік гы-
лыми кешен туралы айтқаны дұрыс болатын еді, өйткені қазіргі заман
соғысы дегеніміз - ғылыми шығарма ғой. Ғылым мен технология сала-
сындағы ізденістердің едәуір бөлігі нақ осы қарулы күштерді қолдауға,
қаржыландырып, жетілдіруге арналады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жертаса қазу кезеңінен өтіп кеткен кез
де екі тарап та ғалымдарды ахуалдың аптығын басып, өз халқын құт-
қарып қалуға шақырды. Ақ желеңді адамдар үндеуге жаппай үн қосты,
зертханалардан да керемет қару-жарақтардың, әскери ұшақтардың,
улы газдардың, сүңгуір қайықтар мен аса ыңғайлы зеңбіректердің,
винтовкалар мен бомбалардың жаңа түрлері бөгет бұзардай тасқын-
ды лекпен қаптап шығып жатты.
Екінші дүниежүзілік соғыста ғылымға бұдан да маңызды рөл бер-
ді. 1944 жылдың соңына таман Германияның айқын ұтылып, жеңіліске
ұшырағаны белгілі болып та қалды. Содан бір жыл бұрын немістердің
одақтастары - италиялықтар аса жанкешті жағдайда Муссолини ре
жимы құлатып, тізе бүккен еді. Британ, Америка мен Кеңес әскерлері
құрсаудай қыспаққа алғанымен, немістер шайқасын жалғастыра бер-
ді. Неміс солдаттары өз ғалымдарына үміт артып, соғыстың барысын
өзгертетін V -2 ракетасына не болмаса реактивті ұшақ сияқты ғажайып
қару жасайды деп сенгендіктен де соғысқа төтеп берді.
|