Еуропалықтар Американы жаулап алған бойда бірден алтын мен күміс өндіріп, қант, темекі мен мақта өсіруге кірісті. Осы кеніштер мен плантациялар Америка өндірісі мен экспортының қайнар көзіне айнал- ды. Орта ғасырларда қант еуропалықтар үшін молшылықтың, бере- ке-байлықтың нышаны саналды. Оны Таяу Шығыстан тасыды. Бағасы қарапайым адамдардың қолы жетпейтін деңгейде болды. Америкада қант қамысын өсіретін ауқымды плантациялар пайда болып, қант Еуро- паға көп мөлшерде жеткізіле бастады. Бағасы күрттүсіп, еуропалықтар 2 8 5
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ жаппай тойымсыз тәттіқұмарларға айналды. Кәсіпкерлер сұранысты қалт жібермей тәттілерді - торттарды, кәмпиттерді, мұзкәмпиттерді, шоколадтарды, какао, кофе тәрізді сусындарды көптеп өндіре баста- ды. Англияда жыл сайынғы қант тұтыну көрсеткіші түрғын халықтың жан басына шаққанда XIX ғасыр соңына таман 8 килограмнан асатын шамаға жетті. Салыстыру үшін айта кетелік, XVII ғасырда ағылшындар қантты мүлде тұтынған емес. Қант қамысын өсіріп, одан қант айырып алу - қажырлы еңбекті та- лап ететін шаруа. Безгек масасы бұлтша үйірілген, төбеден тропиктік күн өрттей күйдірген плантацияларда ертеден қара кешке дейін бел жазбай жұмыс істеуге екінің бірі келісе қоймайды. Плантацияларда жалдамалы еңбекті пайдаланса, бұл өнім бағасын едәуір қымбатта- тып, қайтадан жаппай түтынымнан шығарып тастауы мүмкін. Мейлін- ше көп пайда тауып, экономикалық өсімге жетуге тырысқан еуропа- лықтар қүлдардың күшін пайдалануға көшті. X V I-X IX ғасырлар аралығында Африкадан Америкаға шама- мен 10 миллион құл тасыды. Олардың 70%-ы қант қамысын өсіретін плантацияларда жұмыс істеді. Жантүршігерлік еңбек жағдайларының