мақсатымен мемлекеттік емес гуманитарлық ұйым құрды. Бұл ұйым- ға сондай-ақ жергілікті халықтың түрмыс жағдайына қамқорлық жа- сап, жолдар, мектептер мен ауруханалар салу міндеті жүктелді. 1885 жылы еуропалық үкіметтер осы үйымның Конго өзенінің алабындағы 2,3 миллион шаршы шақырым - Бельгияның өзінен 75 есе үлкен жер аумағына бақылау орнатуына келісім берді. 2 0 -3 0 миллион жергілікті тұрғындардың пікірін ешкім сұраған да жоқ. Қысқа шалым уақыт ішінде гуманитарлық ұйым іскер кәсіпорын- ға айналып шыға келді, оның шынайы, көңіл түбіне бүккен мақсаты - табыс табу. Мектептер мен ауруханалар салуды сол бойда ұмытып кетті, олардың орнына Конго алабында шахталар мен плантациялар қаптады, ал оларды бельгиялықтар басқарып, жергілікті тұрғындар- ды аяусыз қанады. Әсіресе каучук плантациясының қатыгездікпен аты шықты. Каучук Еуропаға өнеркәсіп мұқтажын өтеу үшін қажет болды. Оның экспорты Конго үшін табыстың негізгі көзі саналды. Соған сәй- кес каучук жинаушы Африка шаруаларынан өнімдірек жұмыс істеуді 287 *
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ талап етті. Тапсырмасын орындай алмағандарды «жалқаулығы» үшін қатал жазалап, қолдарын шауып тастады. Кейде тұтас бір елді мекен- дегілердің бәрі шолақ болып қалды. Ең байыпты есептеулер бойын- ша, 1885-1908 жылдар аралығында пайда үшін жанталаста 6 миллион адамның (Конгоны мекендеушілердің 20%-ы) өмірі мезгілсіз қиылған. Кейбір зерттеушілер осынау қорқынышты цифрды 10 миллионға дейін жеткізіп жүр4. 1908 жылдан кейін, әсіресе 1945 жылдан соң капитал истер ең әуе- лі коммунизм елесінен қорыққандықтан, ашкөздігін ішінара болса да, тежей бастады. Бірақ теңсіздік ушыққан күйінде қала берді. 2012 жыл-