&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


минийді, титанды кәдеге жаратып келеді. 1700 жылы күйме жасау



Pdf көрінісі
бет360/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

минийді, титанды кәдеге жаратып келеді. 1700 жылы күйме жасау
үшін ағаш шеберлері мен ұсталардың білек күші қажет болса, қазір
«Toyota» мен «Boeing» зауыттарының жабдықтарына қажетті қуат-
ты атом электр стансалары қамтамасыз етеді. Мұндай революция
өнеркәсіптің барлық саласында болды. Біз оны солай: «индустрия-
лык революция» деп атаймыз.
Адамзат индустриялық революцияға дейін мыңдаған жылдар бойы
алуан түрлі энергия көздерін пайдалана білді. Олар металл балқыту,
үйді жылытып, нан пісіру үшін ағаш жақты. Желкенді кемелер алыс жа-
ғалауларға жүзіп бару үшін желді пайдаланды, су диірмендері өзеннің
ағысын ұстап алып, оны дән талқандап, үн тартуға мәжбүрледі.
Энергияның бір түрін екіншісіне айналдыра білмеу біраз қиындық
тудырды. Адамдар жел мен судың қозғалысын «жұмысқа жегіп», кеме­
лер мен диірмен тасын қозғалтуға мәжбүр еткендерімен, осы энергия-
19-728
2 8 9


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
лар көмегімен су қыздыру немесе темір балқыту қолдарынан келме-
ді. Адамның энергияны басқа нәрсеге айналдыруға қабілетті бір ғана
машинасы - өзінің денесі болды. Зат алмасудың табиғи үдерісінде
адамдар мен жануарлардың организмдері органикалық отынды - та-
мақты бұлшық еттерді қозғалысқа келтіретін күш-қуатқа айналдыра-
ды. Адамдар мен жануарлар бидай мен етті жеп, оның құрамындағы
көмірқышқылы мен майларды қорытып, олардан шыққан энергияны
арба сүйреуге немесе жер жыртуға пайдаланды.
Адамдар мен жануарлардың денелері энергияны басқаға айнал-
дыруға қабілетті бірден-бір құрылғы болғандықтан, іс жүзінде кез кел-
ген адамның тірлігі бұлшық ет күшіне кіріптар еді. Адамның бұлшық
еттері үйлер салып, арбалар жасады, өгіздің сом еттері жер жыртып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет