жылқының бұлшық еттері тауарларды тасыды. Осынау бұлшық етті
органикалық машиналар қоректенетін энергия тегі бір ғана қайнар
көзден - өсімдіктерден шықты. Өсімдіктер Күннен энергия алады.
Фотосинтез барысында олар күн энергиясын бойына жинақтап, оны
органикалық түзілістерге «қаттайды». Бүкіл тарихтың ұзын-ырғасын-
да адамдар не істесе де барлығын өсімдіктерге жинақталып, бұлшық
еттерге ауысқан Күн энергиясының есебінен жасады.
Соған сәйкес адам тарихы екі табиғи тізбекке: өсімдіктердің тір-
шілік цикліне және Күн энергиясының цикліне (күндіз-түні, қысы-жазы)
бағынды. Күн сәулесі жетіспейтін, бидай енді көктей бастаған шақта
адамдарда күш-қуат азайды. Қамбалар босап қалған, салық жинау-
шылар көзге түскеннің бәрін сыпырып алған: солдаттар әзер қозға-
лады, шайқасуға шамалары келмейді, патшалар да бейбітшілік сақ-
тап, тыныш отыр. Күн жер-көкті қыздырып, бидай масағы толған шақта
шаруалар егін орып, қамбаларды толтырады. Салық жинаушылар да
алым алу үшін тебе көрсетеді. Патшалар кеңес шақырып, жорықтарды
жоспарлайды. Бәрі бидай, күріш пен картоптан алған Күн энергиясына
кенелген.
Асүйде туған құпия
Осынау ұзынынан ұзақ мыңжылдықтар бойы адамдар энергияны
пайдалы дүниеге айналдыру саласындағы ұлы жаңалықтар кілтін күн
сайын көріп жүрді, бірақ оны елемеді. Ал ол тұмсықтарының астында
тұр еді: үйдегі әйелдер немесе қызметшілер шәугімді, әлде картоп пі-
сіретін ыдысты отқа қойған кезде, ішіндегі су қайнап, бу кернеген әлгі
ыдыстардың қақпағы секіре бастайды. Жылу қозғалысқа айналады.
Бірақ осы селкілдеген қақпақтар, әсіресе шәйнек отта тұрған кезде
қолдан жасалған қырсық нәрсе тәрізді көрінді: су тасып төгіледі. Бәл-
кім, ешкімге белгісіз бір қызметші әйел пештің үстін сүрте жүріп: «мына
Достарыңызбен бөлісу: |