риялық инсектицидтердің (жәндік жойғыш дәрі) және қисапсыз гормон-
дар мен дәрілердің арқасында егін бітік шығып, тел саны көбейе түсті.
Тоңазытқыштар, корабльдер мен ұшақтар азық-түліктерді айлар бойы
сақтап, дүниенің қиыр шетіне шапшаң әрі арзан күйінде жеткізу мүм-
кіндігін сыйлады. Еуропалықтар дастарқанында аргентиналық жас ет
пен жапон сушилері тұратын болды.
Тіпті өсімдіктер мен жануарлар да механикаланды. Гуманистік
діндер Homo sapiens-Yi құдіретті құдай дәрежесіне көтерді, мұнымен
қоса қабат басқа үдеріс жүріп жатты: мал қиналып, ауыратын жаны
бар тіршілік иесі емес, пайдалы машина деген түсінік орнады. Бүгінде
оларды тіпті фабрика жағдайында өндіріп, дене-тұрқын индустриялық
қажеттілікке орай қалыптастырады, өле-өлгенше олар алапат конве-
йердің тегершігі кейпінде тіршілік кешеді. Ондай жануардың өмірінің
узақтығы мен сапасы корпорацияның пайда табуы мен зиян шегуіне
тәуелді. Өндіріске тірі, дені сау әрі қоңды күйінде керек болғанымен,
жануарлардың әлеуметтік және психологиялық мұң-мұқтажына ешкім
мойын бұрмайды (тек көңіл күйі ауаны өнімнің көлеміне әсерін тигізетін
ретте ғана оларға көңіл бөліп, қамқорлықжасайды).
Мысалы, мекиен тауықтың бойында мінез-құлықтық инстинкті мен
мүқтаждықтың күрделі жиынтығы бар. Олар қоршаған ортаны зерттеп,
емін-еркін жер шоқығысы, әлеуметтік иерархия құрып, ұя салғысы,
қауырсынын тазалағысы келеді. Бірақ оларды тап-тар жерге, кейде
үш-төртеуін көлемі 25x20 сантиметр торга қамап тастайды. Жемі мо-
лынан жетеді, бірақ айналатын жер жоқ, ұя салып, өз аумағын қору,
табиғаттың өзіне нәсіп еткен нәрселерін істеуге мүмкіндіктері жоқ.
Торшаның тарлығы соншалық тіпті қанатын қағып, бойын тік ұстауға
шамасы келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |