Т ӨРТІН Ш І БӨЛІМ
индустрияланған фермалар ұрғашы шошқаларды соншалықты тар
қашаға тығып тастаған, онда бой жазып жүру немесе өз бетінше тама-
ғын іздеу тұрмақ, бір жағына бурыла алмайды.
Олар оған төлін емізіп
болғанша айлар бойы тәулік үзбей қамалады. Содан соң торайларын
басқа қораға ауыстырып, шошқаны қайтадан шағылыстырады.
Сауын сиырлардың көпшілігі де үнемі қораның тап-тар
бөлігіне қа-
малып, тезегіне былғанып түрады. Бір машина оған қажетті дәрілер мен
гормондар қосқан азығын бөліп береді де, басқа бір аппарат бірнеше
сағат сайын қақтай сауып алады. Сиыр дегеніміз - бүл
жерде шикізат
қабылдайтын ауыз және дайын өнім беретін желін ғана. Күрделі эмоция-
лык қасиет дарыған тіршілік иелеріне бейне бір машина сияқты қарау
тек олардың дене-түрқына ғана нүқсан келтірмейді, сондай-ақ әлеумет-
тік иерархиясын күйретіп, психологиялық күйзеліске ұшыратады7.
40. Коммерциялық инкубатор конвейеріндегі балапандар. Балапан қораздар мен дімкәс
шөжелерді конвейер таспасынан шығарып тастайды. Содан соң оларды газ
камерасында тұншықтырып, автоматты шрейдерге немесе басып жаныштағыш
қурылғыға лақтырады. Жұмыртқаны енді ғана жарып шыққан миллиондаған
балапан жыл сайын осындай инкубаторларда қырылады.
Трансатланттық құл саудасы африкалықтарды жеккөргендіктен
өрбімегені сияқты, жаңа замандағы мал шаруашылығы да жануар-
ларға соншалықты өшпенділікпен қарамады.
Бар болтаны малдың
жай-күйіне немқүрайдылық танытады. Жүмыртқаны, ет пен сүтті өн-
діріп, тұтынатын адамдар өздеріне азық беретін тауықтың, сиыр мен
шошқаның тағдыры туралы сирек ойлайды.
Ойлана қалғанның өзінде
олар көбінесе мына дәйекті желеу етеді: үй жануарлары да машина
Достарыңызбен бөлісу: