үздіксіз өсіп отырғанына, абзалы, алдағы уақытта да солай бола бе- ретініне көз жеткізген едік. Ресурстардың сарқылуына қатысты ақыр- заман төндіретін болжамдар орындала қоймас, керісінше, экология- льщ азғындау қаупі бекер емес. Болашақты көзге елестетіп көрейікші: sapiens иелігінде мол ресурстар көзі бар, бірақ бүкіл табиғи мекендеу орындары жойылып біткен, жабайы аңдар мен өсімдіктерден тұлдыр да қалмаған. Экологиялық мәселелер, зады Homo sapiens өзінің де тіршілігін екіұдай жағдайға тіреп қоятын шығар. Жаһандық жылыну, еріп жатқан мұздықтар деңгейі, мұхиттардың көтерілуі, қоршаған ортаның лас- тануы жер шарын мына біздің түрге жатбауыр, жалқаяқ орын қылып 3 0 2
ГЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ қоймақшы. Болашақта адами технологиялар мен адам өзі туындат- қан табиғи апаттар арасында аман-сау қалудың жанталасы күтіп тұр. Адамдар табиғи апаттарға бар күш-қайратын сала күресіп, бұрынғы- дан да тосын әрі қорқынышты салдарды туындата отырып, экожүйені өз қажеті мен қалауына бағындыруға тырыса береді. Берекесіздікті асқындыра түсетін амалды экожүйеге қатаң сынақтар жасаудың көме- гімен ғана бақылауға болады. Көпшілік осы үдерісті «табиғатты жою» деп атайды. Бірақ бұл - жою емес, өзгерту ғана. Негізінде, табиғатты жойып жіберу әсте мүм- кін емес. 65 миллион жыл бұрын астероид динозаврларды қырып тас- тағанымен, сүтқоректілердің тіршілігіне дем берді. Қазіргі кезде адам көптеген түрді құртып жатыр, түбінде өзін де жалмап тынады. Бірақ өзге организмдер өркендей береді. Мысалы, егеуқұйрықтар мен та- рақандар тура шадыман шаттыққа бөленеді. Осынау жаны сірі тірші- лік иелері, жүдә, бықсып жатқан Армагеддон қирандысының астынан