мет отбасы мен қауымның күнделікті тірлігіне жөнсіз араласқан емес,
тіпті патшалар араласқысы келсе де (ол оңай шаруа емес еді), дәс-
түрлі аграрлық экономика мемлекеттік шенеуніктерді, полицияларды,
мұғалімдер мен дәрігерлерді асырауға өзінен артылған өнімнің аз ғана
бөлігін берді. Соған сәйкес ел билеушілердің көпшілігі жәрдемақылар-
дың, денсаулық сақтау мен білім беру ісінің жалпыұлттық жүйесін кур-
тан жоқ, бұл мәселелерді отбасы мен қауымның еншісіне қалдырды.
Тіпті империя шаруалардың күнделікті тірлігіне араласуға тәуекел ет-
кен ілеу де біреу жағдайда да (мысалы, Цинь әулеті билеген тұста Қы-
тайда солай болды) ол мемлекет өкілдерінің рөліне тайпа көсемдері
мен жергілікті ақсақалдарды тағайындады.
Көп ретте тасымалдау мен байланыс мәселелері шалғайдағы
қауымдардың ісіне мемлекеттің белсенді араласуына еш мүмкіндік
бермеді, әміршілердің көбі жергілікті билік иелеріне негізгі патшалық
басымдықтарды - салық жинау жене жаза белгілеу құзыретін бере са-
луды қолайлы көрді. Мәселен, Осман империясы қаптаған полиция ұс-
тағаннан гөрі, кек қайтаруға, «қанға - қан, жанға - жан» шығуға рұқсат
етті. Сол кездегі ереже бойынша немере ағам біреуді өлтірсе, марқұм-
ның ағасы мені өлтіруге қақылы болды әрі оны қасиетті парыз санады.
Оған Стамбулдағы султан да, жергілікті паша да араласа қоймады, тек
зорлық-зомбылық жайылып кетпесе, жарады деп қарады.
Қытайдағы Минь империясының (1368-1644) жергілікті қауымдары
баоцзия жүйесіне бағынды. Он отбасын цзия, ал он цзияны бао деп
атады. Баоның бір мүшесі қылмыс жасаса, қалғандары түгел, әсіресе
қауым ақсақалдары жазаланды. Салықтарды да бао мүшелері төледі.
Эр отбасы қанша салық төлеу керегін үкіметтің лауазымды тулғасы
Достарыңызбен бөлісу: |