&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


была салды. Ал отбасы мүшесі өз ісін ашқысы келсе, туған-туысқандары



Pdf көрінісі
бет385/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

была салды. Ал отбасы мүшесі өз ісін ашқысы келсе, туған-туысқандары
қаржы жинады. Келінді не күйеубаланы да туыстары таңдады (немесе
мақұлдады). Көршілермен кикілжің бола қалса, отбасы өз адамына жақ-
тасты. Сырқаты ауыр болып, емдетуге отбасының шамасы жетпесе, сон-
дай-ақ жеке іс бастауға қаржыдан тапшылық көрсе, әлде көршінің дауы
зорлық-зомбылыққа ұласа бастаса, бүкіл қауым көмекке келді.
Ал қауым еркін нарықтың заңдары бойынша емес, жергілікті дәс-
түрлер мен экономиканың өзара қызмет көрсету үстындары негізінде
қолғабыс жасады. Ортағасырлық қауымда, айталық, мен бір бақыт-
сыздыққа ұшырасам, көршілер ешқандай сыйақы дәметпестен үйімді
салып, қойымды бағып берер еді, өйткені олар да бір пәлеге тап бола
қалса, мен де дәл солай қолғабыс етемін ғой. Олардың орнында жер-
гілікті шонжар болса, бәрімізді тегін, ешқандай ақысыз сарай салып
беруге қуалай жөнелетіні анық. Есесіне, біз қаратабан шаруалар, бізді
шапқыншылар мен қарақшылардан қорғайды деп оған сенім арттық.
Нарықтық қарым-қатынастар, әрине, бар еді, бірақ оның рөлі тым шек-
теулі болатын. Ол жерден таңсық тәтті тағамдар, маталар мен аспап-
саймандар сатып алып, дәрігерлермен немесе заң мамандарынан
ақыл-кеңес алуға болатын. Дей тұрғанмен, айналымдағы тауарлар мен
көрсетілетін қызмет түрлерінің 10%-дан азын базар көрсететін. Адами
қажеттіліктің барлығын отбасы мен қауым қамтамасыз етіп тұрды.
Сондай-ақ соғысқа басшылық жасау, жол салу және сарайлар тұр-
ғызу сияқты аса маңызды міндеттер арқалаған корольдіктер мен им-
периялар да өмір сүрді. Осынау мұқтаждықтарға әміршілер халықтан
307


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
салық жинап, анда-санда солдат пен жұмысшылар тартты. Бірақ үкі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет