емес, әр баоның ақсақалы анықтады. Империя үшін осындай жүйе оң- тайлы еді, оған әр отбасының кірісі мен шығысын қадағалап отырушы салық инспекторы мен алым жинаушылар ұстаудың да қажеті жоқ, бул міндет қауымдардың басшы-бектеріне жүктелді. Олар кімде не бар екенін бес саусағындай білді, әдетте, армияны айтақтамай-ақ, салық- ты солар жинап берді. Кейбір патшалықтар мен империялар шын мәнінде өздерін тек тарамдала тамырланған мафиоздық қурылым кейпінде ғана көрсетті. Король бүкіл дондардың үстінен қарайтын үлкен дон сияқты болды, ол «пана» болғаны үшін ақша жинап, басқа гангстерлер синдикаты мен жергілікті бұзақылар өз қол астындағыларды қорқытып-үркітпеуін қадағалады. Басқа ештеңеге кепілдік берген емес. Соншалықты тығыз топтасқан ужымда тірлік онша жақсы болған жоқ. Ж аңа заман мемлекеттері мен нарықтық қарым-қатынастары адамды қалай езіп-жаншыса, отбасылар мен қауымдар да өз мүшеле- рін тап солай езгіге салды, олардың қурылымы қысым-қыспақ пен зор- лық-зомбылыққа толы еді, бірақ адамдардың басқаны таңдауға еркі
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ болмады. Әлдебір әйел 1750 жылы отбасы мен қауымның қолдауынан айырыла қалса, өлуден өзге жол қалмайтын. Оның жұмысы да, білімі де жоқ, ауырып-сырқаса немесе аштыққа душар болса, көмек келе- рінен үміті де жоқ. Оған ешкім ақша бермейді, бір пәлеге ұшыраса, болыспайды. Әлеуметтік сала қызметкерлері мен жалпы білім беру ісі сияқты полицейлер де ол кезде болған жоқ. Тірі қалу үшін өзіне басқа бір отбасын немесе қауымды іздеп-табуына тура келер еді. Үйінен қа- шып кетіп, жетім қалған жасөспірімдер әдетте бөтен үйге малайлыққа жалданатын. Ең қурығында, бозбаланы - армия, ал бойжеткенді же-