&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


экономикалық құқықтары бар дербес тұлға ретінде көбірек бағалайды



Pdf көрінісі
бет390/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

экономикалық құқықтары бар дербес тұлға ретінде көбірек бағалайды.
Әйелдің банкте жеке есепшот ашып, өзіне күйеу таңдауға тіпті ажыра-
суға немесе мүлде некелеспеуге еркі бар.
Жеке тұлғаны азат ету оңай шаруа емес. Жұрттың көбі жалғыздық
жене мемлекет пен нарықтың сазарған күш-қуатының алдында дәрмен-
сіздігін сезініп, жоғалтып алған отбасылық және көрші-қолаңдық байла-
ныстарын іші қан жылай жоқтайды. Өйткені бұрынғы жүмылған жұды-
рықтай отбасылар мен қауымдарға қарағанда, ойдан-қырдан жиналған
қазіргі билікке, жеке адамның өміріне қол сұғып, киліге кету түк емес. Бір
үйдің түрғындары үй қызметкеріне ақы төлеу жөнінде ортақ мәмілеге
келе алмайтындай халде болса, олар мемлекетке қайдан қарсы тұрсын!
«Мемлекет - нарық - жеке тұлға» қарым-қатынасы жайдан-жай
түзілмейді. Мемлекет пен нарық өзара қүқықтар мен міндеттерге қа-
тысты дауласады, ал адам олардың өзінен өте көп нәрсені талап етіп,
тым аз қайтарым беретінін тілге тиек етіп, ашуланады. Көбінесе нарық
адамды езіп, қанайды, ал мемлекет адам қорғау емес, қарсылығын ба-
сып-жаншу үшін армияны, полиция мен бюрократияны пайдаланады.
Бірақ бір таңғаларлығы, кейде жүрісінен жаңылысса да, осы қарым-
қатынас ырқы бәрібір жүмыс атқарып келеді. Өйткені бірнеше ұрпақ
буынын қалыптастыруға қатысқан әлеуметтік құрылым күйреп тынды
да, эволюцияның өзіне қарсы шығады. Миллиондаған жылдар бойы ол
бізді қауымдаса өмір сүруге және ойлануға үйретіп еді, енді небәрі екі
ғасырдың ішінде бытыраңқы индивидуумдарға айналып кеттік. Міне-
кей, мәдениеттің құдіретті күші!
Қазіргі әлеуметтік кеңістіктен нуклеарлы отбасы мүлдем жоғалып
кеткен жоқ. Отбасынан негізгі экономикалық және әлеуметтік рөлді
310




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет