ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
кейін көп ұзамай дәлме-дәл жұмыс кестесі мектептерде, содан соң ау-
руханаларда, үкіметтік мекемелерде, сауда дүкендерінде қабылдан-
ды. Ауысым 17:00-де аяқталса, жергілікті сыраханалардың есігі 17:02-
де айқара ашылуға тиіс.
Ж аңа жүйенің өрістеуіндегі шешуші буын - қоғамдық көлік болды.
Ауысым 8:00-де басталса, пойыз немесе автобус фабрика қақпасына
07:55-те жетуге тиіс. Тіпті сәл ғана кешігудің өзі жұмыс өнімділігін тө-
мендетеді, тәртіпті жиі бұзғандар жұмыстан шығарылады. 1784 жылы
Англияда белгіленген кестемен жүретін омнибустар пайда болды, оның
келу емес, кету уақыты ғана жарияланды. Сол кезде әр қала мен кент-
тің өзінің жергілікті уақыты болды, оның Лондон уақытынан бірнеше
минут немесе жарты сағаттай айырмашылығы бар еді. Лондон уақыты
бойынша талтүс болғанда сағат тілі, айталық, Ливерпульде - 12:20-ны,
Кентебериде 11:20-ны көрсетіп түратын. Кімнің қандай шаруасы бар:
өйткені ол кезде телефон да, радио да, теледидар да, жүйрік пойыздар
да жоқ қой2.
Алғашқы коммерциялық теміржол 1830 жылы Ливерпуль мен
Манчестердің арасын қосты. Он жылдан соң пойыздар қатынасының
тұңғыш кестесі пайда болды. Пойыз ат жеккен экипажға қарағанда әл-
деқайда тез жүрді де, жергілікті уақыттың әркелкілігі ығыр қыла бас-
тады. 1847 жылы ағылшын теміржол компаниясы жиналыс өткізіп, жу
рю кестесіне Ливерпульдің, Манчестердің немесе Глазгоның жергілікті
уақытын емес, Гринвич обсерваториясының уақытын көрсетуге шешім
шығарды. Теміржол компаниясынан басқа мекемелер де үлгі алды.
Ақырында, 1880 жылы ағылшын үкіметі заң жүзінде бүкіл Үлыбритания
бойынша Гринвич өлшеміне сәйкес уақытты көрсету туралы қаулы қа-
былдады. Тарихта тұңғыш рет осы елде ұлттық уақыт пайда болып,
Достарыңызбен бөлісу: |